Шығыс жерорта теңізінде үштік одақ

Грекия, Понти әкімшілігі және Мысыр басшылары энергия саласында үштік одақ құрды.

186459
Шығыс жерорта теңізінде үштік одақ

Мысырдың төңкерісшіл елбасы Абдүлфеттах Эс-Сиси, Греия премьер-министрі Антонис самарас және Понти әкімшілігі басшысы Никос Анатадиадис Каирде ортақ декларацияға қол қойды.


Декларацияда тараптар араларындағы ынтымақтастықты жаңа бір сатыға көтеру үшін уәде берді.
Саммиттің артынан ортақ баспасөз мәлімдемесі жасаған Анастадиадис, Самарас және Сиси үш елдің энергия тақырыптарында ынтымақтастық жасағанын атап көрсетті.
Мәлімдемеде Оңтүстік Кипр мен Грекия және Грекия мен Мысыр арасындағы Айрықша құқыққа ие экономикалық аймақ шекараларын анықтау мақсатты келіссөздерді бастауға шешім қабылданғаны жарияланды.
Сондай-ақ Түркияның Айрықша құқыққа ие экономикалық аймақтағы жұмыстарын айыптады.
Понти әкімшілігі басшысы Никос Анастадиадис Еуроодақтың Мысырды әрі қаржылай, әрі саяси түрде қолдайтынын атап, өздерінің де Мысырдың Еуроодақтағы үні болатындарын атап көрсетті.
Мысыр елбасы Сиси болса Еуроодақтың Мысырдағы жағдайды түсінгенін бімәлімдеді.
Сиси Кипр мәселесі тақырыбында болса кезкелген бір мәлімдеме жасамады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар