Франция президенті жұмыссыздықты азайтуға уәде берді

Франсуа Олланд бір телеарнада журналистердің және халық өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

184414
Франция президенті жұмыссыздықты азайтуға уәде берді

Франция президенті жұмыссыздықты азайтуға уәде берді.


Олланд жұмыссыздық көрсеткішін төмендете алмаған жағдайда, 2017 жылғы сайлауда үміткер болмайтынын айтты.


Француз президент Франсуа Олланд бір телеарнада журналистердің және халық өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.


2012 жылы билікке келген, соңғы кезде халықтан алған қолдауы 12 пайызға төмендеген Олланд өз билігінде атқарылған істерді бағаландырды. Француз басшы ең үлкен табыссыздығының жұмыссыздықпен күрес екенін мойындады.


Олланд Францияны реформадан өткізуге табанды екенін айтып, 10 пайыздық жұмыссыздық көрсеткішін төмендете алмаса, қайтадан үміткер болмайтынын білдірді.


Француз президент сонымен бірге «салықтар арттырылмайды» деп уәде берді, компаниялар төлейтін төлемдердің де азайтылатынын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар