Пекинде Экономикалық ынтымақтастық жиналысы

Саммит қарсаңында Жоғары деңгейдегі мамандар жиналысы басталды.

181731
Пекинде Экономикалық ынтымақтастық жиналысы

Қытайдың бас қаласы Пекинде Азия-Тынық мұхит Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (АТЭҰ) саммиті қарсаңында Жоғары деңгейдегі мамандар жиналысы басталды.


АТЭҰ саммиті аясында 11 қараша күніне дейін Пекинде ұйымның Бизнес-ақылдасу кеңесі және министрлер жиналысымен бірге АТЭҰ CEO және АТЭҰ басшылар саммиті өткізіледі.


Ұйымның жиналысына басшылық жасайтын Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин мүше елдердің үкімет және мемлекет басшыларымен кездеседі.


АТЭҰ саммиті үшін астана Пекин мен төңірегінде қауіпсіздік шаралары арттырылды және саммит күндерінде қалада 7-12 қараша күндерінде демалыс жарияланады.


Саммитте еркін сауданы ынталандыру, аймақтық экономикалық интеграцияның дамытылуы, экономика және технология саласындағы ынтымақтастықтың нығайтылуы тақырыптары қаралады.


Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы елдердің сауда және инвестициялардың еркін жағдайға келуі және экономиканың бүтіндесуі аясында мүше елдердің ынтымақтастығы және байланыстарының жеңілдетілуі мақсатымен құрылған ұйымға 21 мүшесі бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар