Әзірбайжаннан Еуропаға газ

Әзірбайжан газы Түркия арқылы жеткізіледі.

133244
Әзірбайжаннан Еуропаға газ

Азия мен Еуропаны Түркия арқылы бір-біріне байланыстыратын Оңтүстік газ дәлізі жүзеге асады.


Оңтүстік газ дәлізінің іргетасы Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде қаланды.


Жобаға тарап елдердің басшылары Бакуде бас қосты. Рәсімге Түркия атынан Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз қатысты.


Әзірбайжан президенті Илхам Алиев рәсімде сөз сөйлеп, «Оңтүстік газ дәлізі жобасының Еуропаның энергия қауіпсіздігіне маңызды үлес қосатынын айтты. Түркия мен Әзірбайжанның энергия ынтымақтастығының барлық салада ауқымды ықпалдастыққа айналатынын білдірген Алиев «Газ арқылы жаңа бір халықаралық одақ қалыптасуда. Соңында табысқа жетеді. Жолымыз ашық болсын» деді.


Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз да Түркияның ауқымды территорияда энергия қауіпсіздігінің қамдалуында ықпалды саясат жүргізгенін білдірді.


Баяндамалардан кейін Түркия арқылы Еуропаға табиғи газ айдайтын Оңтүстік газ дәлізінің іргетасы қаланды.


Аталмыш жоба Әзірбайжанның Шахтеңіз қойнауынан шығарылатын шамамен 1,2 триллион текше метр резерв газдың Түркия арқылы Еуропаға жеткізілуін көздейді. 3500 километрлік жобада алғашқы газ Түркияға 2018 жылы жетеді. Артынан газ Еуропаға айдалады.


Алғашқы сатыда құбыр желісі арқылы жылына 10 миллиард текшеметр газ Еуропаға жеткізіледі. Артынан сыйымдылық 20 миллиард текшеметрге дейін арттырылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар