Соғыс жүйелерін отандық компаниялар құрады

Ұлттық кеме жобасы аясында көптеген жүйе отандық жүйеге айналды.

111829
Соғыс жүйелерін отандық компаниялар құрады

Ұлттық кеме (MİLGEM) жобасының үшінші және төртінші кемелері Бургазада және Кыналыада атты кемелердің соғыс жүйелерін MİLGEM компаниясы қалыптастыратын болады. Бұл серіктестікті АСЕЛСАН және ХАВЕЛСАН бірігіп құрды.


Аталмыш жобаның үшінші және төртінші кемелерінің жүйелерінің де келісім-шартқа енгізілуіне байланысты қол қою мерәсімі өткізілді. Келісім-шартта АСЕЛСАН-ның үлесі 140,8 миллион евро болды.


АСЕЛСАН аталмыш жоба аясында соғыс жүйесі, электрондық жүйелер, электро-оптикалық жүйелер, радарлар, әуе қорғаныс және қару жүйелерін жүзеге асырады.


Торпеда алдастыру жүйесі ХЫЗЫР да АСЕЛСАН тарапынан жүзеге асырылған су асты акустикалық электрондық жүйенің жетілдірілуімен ұлттық мүмкіндікке ие болды.


Эхолот жүйесі КУЛАЧ та теңіз сүңгуірлері үшін жетілдірілді, алғаш рет қолданыла бастады. Мұның су үсті кемелері үшін жасалғаны болса MİLGEM жобасында қолданылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар