Интернеттен ауыл сатылады

Экономикалық дағдарыстағы Италияда бұл жолы ауыл сатылуда.

121949
Интернеттен ауыл сатылады

Экономикалық дағдарыстағы Италияда бұл жолы ауыл сатылуда.


Италияның солтүстігіндегі «Гран Парадико» ұлттық қорығының етегіндегі Калзасио ауылының ерекше үйлері сатылып жатыр.


Интернет арқылы аукцион парақшасы eBay-де аукцион басталды. Ауыл тұрғындары 14 үй үшін барлығы 245 мың евро сұрап отыр.


Қазір ауылда барлығы 20 адам өмір сүреді. Олар үйлерді сатып алатын адамның реставрациядан өткізіп, туризмге ашуын сұрайды. Жалғыз шарттары – ғимараттардың сәулет ерекшеліктерінің сақталып қалуы.


Италия үкіметі экономикалық үнемдеу шараларының аясында сәуір айында кейбір мемлекеттік мүліктерді саудаға шығарған болатын. Алайда Венеция маңындағы Повеглиа аралы, Тарантодағы бір монастыр, Градиска-д’Изонцо қамалын алушы шықпаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар