"Түркия көрші ел ретінде жасампаз ұстанымын жалғастырады"

Министр Йылдыз Ирак мұнайын бағаландырды

80128
"Түркия көрші ел ретінде жасампаз ұстанымын жалғастырады"

Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз Ирак мұнайымен байланысты Түркияның көрші ел ретінде жасампаз ұстанымын жалғасатынын мәлімдеді.
Йылдыз «Осы мұнай Түркияның мұнайы емес. Бағдат пен Ербил өзара келісіп, табысты келісім бойынша үлестіреді» деді.
Осы мұнайдың Иракқа тиесілі болуы себепті табыстың да Иракқа тән екенін атап көрсеткен Йылдыз мұнайдың жауапкершілігінің Түркияның мойынында екені бірақ саудасының Солтүстік Ирак тарапынан жасалғанын айтты.
Сату тендері тақырыбына араласпағандарын атап көрсеткен Йылдыз Бағдатпен Ербилдің өзара келісетінін және түскен табыстың да Ирактың реттелуіне үлес қосатынын білдірді.
Йылдыз Түркияның осындағы жасампаз ұстанымын жалғастыратынын атап «Түркия Иракта өндірілген шикі мұнайдың әлем нарығына шығуына жағдай жасайтын көрші бір мемлекет» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар