Тұрғын үй статистикасы жарияланды

Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда, наурыз айында тұрғын үй саудасы 87 мың 717 –ге жетті.

61458
Тұрғын үй статистикасы жарияланды

Наурыз айында тұрғын үй ең көп Стамбулда сатылды. Стамбулда 17 мың 718 пәтер сатылды. 10 мың 693 үймен Анкара екінші кезекте келеді.
Наурыз айында пәтер ең аз сатылған қала Ардахан болды. Ардаханда бір айда 11 үй сатылған.
Түркия көлемінде сатылған тұрғын үйлердің 47,9 пайызы бірінші рет сатылған жаңа үйлер болып табылады.
Стамбулда шетелдіктерге 478 үй сатылған, ал екінші кезектегі Анталияда болса 459 үй сатылған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар