Жел энергиясы және оның маңызы

Жел энергиясы – табиғи ресурстардың және табиғат балансының қорғалуында ең ықпалды құралдардың бірі.

287642
Жел энергиясы және оның маңызы

Бүгінгі күні адам баласына керек энергияның көпшілігі көмір, мұнай және табиғи газ сынды табиғи ресурстардан қамдалып отыр. Бара-бара артқан энергия мұқтаждығы табиғатта мөлшері шектеулі осы ресурстардың азаюына себеп болуда. Табиғи ресурстар қазіргі жылдамдықпен тұтынылуды жалғастырса, жақында толығымен бітеді. Бұл шексіз және жаңаланатын энергия көздерінің маңызын арттырды. Жаңаланатын энергия көздерінің маңызды бір ерекшелігі – таза болуы. Мұнай мен көмір сынды қалдық жағармайлар зиянды газдың қалыптасуына себеп болып, табиғатты ластайды. Бүгінгі таңда осы ластық әлемнің болашағына қауіп төндіріп отыр. Бұл жағдайдан шығу үшін жаңаланатын энергия көздеріне бағытталу керек. Күн, жел және толқын сынды шексіз энергия беретін ресурстар табиғатқа ешбір зиян келтірмейді. Осындай ресурстардың ең маңыздыларының бірі – жел энергиясы.
Жел энергиясы мыңдаған жылдан бері түрлі мақсаттарда қолданылып келеді. Тарих бойы дақыл ұнтақтауда және желкенді кемелерде адам баласына қызмет еткен жел энергиясы бүгін электр қуатын өндіру үшін қолданылуда. Жел әлеуеті жоғары жағалауларға, ашық теңіздерге, сайларға құрылатын жел трибуналары кинетикалық энергияны электр энергиясына айналдырады. Осы әдіс өте арзан және таза.
Әртүрлі көлемде болатын жел трибуналары аймақтық және жеке қолдану үшін де ыңғайлы. Электр қуатын жеткізу қиын және қымбат жерлерде осы әдіспен электр өндіруге болады. Едәуір тиімді осы әдіс Түркияда да тарап келеді. Жел энергиясы – табиғи ресурстардың және табиғат балансының қорғалуында ең ықпалды құралдардың бірі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар