Балыкесир Университеті ректоры Керим Өздемирмен сұхбат-2

Балыкесир Университетін таныстырамыз

338462
Балыкесир Университеті ректоры Керим Өздемирмен сұхбат-2

"Саяхат қате пікірлер мен тар көзқарастарды өлтіреді"
Білім көкжиегінде тағы бас қосып отырмыз. Бүгін бағдарламамызды бастай отырып, әлемге танымал жазушы Марк Твеннің сөздеріне орын бердік. Біз де саяхаттың әртүрлісін және әрине халықаралық үйрену серуенінің қате пікірлерді жоятын күште екеніне шынайы түрде сенеміз.
Міне, сондықтан саяхатымызды үздіксіз жалғастырамыз. Өткен апта сіздерді Түркияның солтүстік батысындағы, әрісере туризм тұрғысынан ең назар аударатын қаласына Балыкесирге апарған болатынбыз. Осы жерде Балыкесир Университеті ректоры Проф. Др. Керим Өздемирге бардық, осы табысты университеттің хикаясын өз аузынан тыңдай бастаған едік. Енді кезек осы тамаша сұхбаттың екінші бөлімін сіздермен бөлісуге келді.
**
Балыкесир Университеті шетелдік студенттерге қандай мүмкіндіктер ұсынады?
"Университетте елуге таяу елден мың екі жүзден астам шетелдік студент білім алады. Шетелдік студенттеріміздің көбі Түркі республикалары мен басқа да ағайын қауымдастықтардан келеді. Түрлі елдерден келген студенттер университетіміздің құрамында маңызды және құнды мәдени мозайка құрастырады.
Студенттер өздеріне деген ықылас пен қолдауға орай әрқашан ризашылықтарын жеткізіп отырады. Шетелдік студенттеріміз үшін мамыр мен маусым айларында шетелдерде емтихандар өткізіп, университетімізді таңдауларын жеңілдетеміз. Қону, тамақтану, медициналық қызметтер сынды негізгі мұқтаждықтарда мемлекеттік көмек шетелдік студенттер үшін түрлі жеңілдіктер береді"
Сіздің ойыңызша шетелдік студенттер Балыкесирге неге келуі керек?
"Балыкесир Университеті құрылған Балыкесир қаласы Измир мен Бурса арасында Оңтүстік Мәрмәр аймағында орналасқан. Балыкесир әрі Мәрмәр, әрі Эгей теңізіне жағасы бар аймақ. Әрі географиялық тұғыры, әрі тарихи және мәдени байлықтарымен тек еліміздің емес, шетелдердің де назарын аударған өңір. Шетелден келетін студенттерге қатынас және қонумен бірге әлеуметтік және экономикалық салада да көптеген мүмкіндік ұсынады. Географиялық орнына байланысты қаламызда түрлі өнім өсіріледі. Тұрмыс жеңіл, әрі арзан. Маңызды өнеркәсіп орталықтарына көрші. Бандырмадан Стамбулға пароммен баруға болады. Измир қаласына жүз сексен км және Бурсаға болса жүз елу бес км қашықтықта. Балыкесирді таңдаған шетелдік студенттер қалаға тез үйренісіп кетеді, студенттік өмірлерімен қоса қала өміріне де риза болады. Сонымен бірге Балыкесирдің туристік аудандары да демалуға көмектеседі, тариғат аясында уақыт өткізуге болады"
Шетелдік студенттер Балыкесир Университетіне неге келуі керек?
"Университет еңбектері және білім мүмкіндіктерімен халықаралық деңгейде өзін ақтап шыққан өзгеріс пен жаңалыққа ашық білім ордасы"
Жас университет болғанына қарамастан тарихи тамыры терең факультеттері бар. Бір студент үшін негізгі мұқтаждықтар саналатын білім сапасы, тамақтану, қону, қатынас тақырыбында проблемасыз, әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымы бай университет. Университетте жас оқытушылар қызмет атқарады.
Университетте халықаралық стандарттарда білім қызметі беріледі. Диплом қосымшасы этикеті мен Еуропа несие трансфер жүйесі этикетімен студенттердің дипломдары әлемде барлық жерде жарамды деп есептеледі"
Балыкесир Университеті ректоры Проф. Др. Керим Өздемирден шетелдік студенттерді университетке шақыруды сұрадық:
"Балыкесир Университеті ректоры ретінде Балыкесир Университетін таңдайтын талапкерлерді университетті, қалашықтарды көруге шақырамын. Оқитын бөлімдеріне келіп, студенттермен, оқытушылармен сөйлесуге болады. Әсіресе шетелден келетін талапкерлер де Балыкесирдің студенттер үшін қаншалықты ыңғайлы қала екенін көруі керек. Қатынас, әрі экономикалық, әрі әлеуметтік тұрғыдан қандай дұрыс шешім екенін көреді".


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар