Кавказ Университеті

Кавказ Университеті ректоры проф. Сами Өзджанмен сұхбат

280000
Кавказ Университеті

«Ең үлкен әлсіздігіміз – берілу. Табысты болудың ең нақты жолы әрқашан кемінде тағы бір рет сынап көру»
Түркия үні радиосында «Білім көкжиегінде» атты бағдарламада табысып отырмыз. Әдеттегідей халықаралық білім серуеніне қарай саяхаттауға дайынбыз.
Бүгін бағдарламамызды 20-ғасырда ашқан жаңалықтарымен әлем тарихына есімін алтын әріптермен жаздырған ғалым Томас Эдисонның бір сөзімен бастадық. Біз де табысқа апаратын жолда барлық нәрсенің тамаша болмайтынын, бірсыпыра қиыншылықпен кездесетінімізді білеміз. Бірақ сонда да кері қайтпаймыз, берілмейміз. Арманға жету үшін жұмыстануды жалғастырамыз.
Өткен апта сіздерді мәдениеттер мозайкасы болған қала Карсқа апарып, «Әлемге ашылған білім қақпасы» деген ұранмен аты жиі аталған Кавказ Университетін таныстырып едік. Бүгін де Кавказ Университеті ректоры проф. Сами Өзджанмен сұхбатымыздың екінші бөлімін ұсынамыз.
Кавказ Университетінде қандай халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады?
«Университетте «Халықаралық күн» атты шараны бастадық. Бұл шара пікір ретінде жаңа қалыптасқан, енді –енді жүзеге асырылып жатқан іс-шара. Осы шара арқылы тек университеттегі шетелдік студенттер емес, екі жақты ынтымақтастық хаттамасы немесе халықаралық келісімге келген шетелдік университтерден де студент шақырып, екі аптада түрлі таныстырылымдар мен ғылыми шаралар өткізіледі.
Шетелдік студенттерге елімізді, аймағымызды, университетімізді және мәдениетімізді таныстырамыз. Саяхат ұйымдастырамыз. Тіл курстарын ашамыз. Сонымен бірге шетелдік студенттер де өздерінің елдерін, университеттерін, мәдениеттерін, ұлттық тағамдарын, тілдерін таныстырады. Осы халықаралық күн шарасы бүкіл қала тұрғындары және университет студенттеріне ашық.
Сіздер де білесіздер, жоғары оқу жүйесінде Бологна үдерісі аясында жақсартулар мен кейбір өзгерістер енгізілді. Осы үдеріс ішінде де университеттердің сапа және аккредитация аясында кейбір міндет пен жауапкершіліктері бар еді. Кавказ Университеті осы шеңберде аянбай еңбектенді және жауапкершіліктерін орындап, табысы халықаралық сыйлықпен марапатталды. Университет білімде сапа және ашықтықтың бір көрсеткіші болған «Диплом қосымшасы этикетін» алу үшін университет ретінде қажетті критерийлерді орындап, Еуропа Одағы комиссиясына өтінішін берді. 2013 жылдың желтоқсан айында болса осы сыйлықты алуға лайықты деп табылды. «Бұл сізге қандай пайда әпереді?» деп сұрайтын болсаңыз, енді біздің университет беретін дипломдар әлемде қабылданады. Сонымен бірге университет түлектері де дүние жүзінде қалаған магистратура және докторантура бағдарламасында оқи алады. Яғни дипломымыздың таныну және басқа да проблемасы жоқ»
Шетелдік студенттердің Кавказ Университетін таңдауының себебі не?
«Сұхбатымыздың басында да айтып өткендей, университет түрлі түстер және дауыстар табысқан, барша тыныш және тату-тәтті білім алатын, халықаралық аренада танымалдығын дәлелдеген бір университет. Осы аяда біздің университетімізде оқуды таңдайтын әрі отандық, әрі шетелдік студенттерге отбасыларындағы шынайылық пен жылылықты жоқтатпайтын атмосфера ұсынамыз. Олар осындай атмосферада ғылымның жарығында алға басып, болашақтарын қалайды»
Ректор мырзадан соңғы сұрақ ретінде «Шетелдік студенттерді білім ордасына қалай шақырар едіңіз?» деп сұрадық.
«Сіздер арқылы бүкіл шетелдік талапкерлерге шақыру тастағым келеді: талапкерлерді мәдениеттер мозайкасы Карсқа және осы мозайканы біліммен табыстыру үшін Кавказ Университетіне шақырамын»


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар