Анталия және Жерорта теңізі Университеті - 2

Ректор Исрафил Куртджепхемен сұхбат

176581
Анталия және Жерорта теңізі Университеті - 2

«Жаңа тәжірибемен жетілген ми енді қайтып ескі күйіне қайта оралмайды»
«Білім көкжиегі» атты бағдарламаның 52-ші бөлімінде сіздермен табысып отырмыз. 52-ші бөлім, яғни 2014 жылдың соңғы бөлімі. Алайда сіз қиналмаңыз, бағдарламамыз 2015 жылы да Түркия үні радиосында жариялануын жалғастырады. Жаңа жыл, жаңа үміттер, жаңа бастаулар...
Бәлкім, 2015 жыл сізді арманыңызға алып баратын үздік университетті таңдайтын жыл болар, кім біледі?
Бүгінгі бағдарламамызды американдық заңгер және сөз бостандығын жақтаушы Оливер Вендел Холмстың сөздерімен бастадық. Біз де 2015 жылдың бізге жаңа көкжиек ашатын тәжірибе алып келуін тілейміз.
Ал сіз 2015 жылдан не күтесіз? 2015 жылы не болуын қалар едіңіз?
Армандарыңызды, қиялдарыңызды бізбен бөлісуіңізге болады. Әдеттегідей фейсбуктағы ТРТ Horizon парақшасы арқылы бізге жазуға болады.
**
Өткен апта сіздерге туризм жұмағы ретінде танылған Түркияның таңдаулы демалыс орталығы Анталияны таныстырған болатынбыз. «Жарық түсіретін, қоғамды ағартатын әлемдік университет» ұранымен мыңдаған жасты өмірге дайындаған Жерорта теңізі Университеті жөнінде сіздерге керек сұрақтарды сұрау үшін Ректор профессор Исрафил Куртджепхемен кездескен болатынбыз.
Ректор мырзадан енді Жерорта теңізі Университетіндегі шетелдік тәлімгерлерге бағытталған шаралар туралы сұрадық:
«Университет соңғы жылдары халықаралық деңгейге шығу мақсатында жұмыс істеуде. Шетелдік тәлімгерлер біздің университетті көп таңдайды. Жерорта теңізі Университеті 2012 жылы Халықаралық қатынастар кеңсесін ашып, халықаралық стратегиясын айқындады және ықпалды түрде іске асыра бастады.
2014-2015 оқу жылында университетімізде оқу үшін өтініш білдірген шетелдік тәлімгер саны өткен жылға қарағанда 150 пайыз артты. Қазір алмасу бағдарламалары аясында келген шетелдік тәлімгерлер мен білім алып жатқан тәлімгерлер саны шамамен 1300-ге жетті».
Шетелдік талапкерлер Жерорта теңізі Университеті тәлімгері болу үшін қай сатылардан өтеді?
«Шетелдік тәлімгерлер Жерорта теңізі Шетелдік тәлімгер таңдау емтиханына кіріп, табысты болса немесе Жерорта теңізі Университеті Шетелдік тәлімгер жарғысында көрсетілген емтихандардың бірінен жеткілікті ұпай жинаған жағдайда Жерорта теңізі Университетінде тәлімгер болады.
Университетте 2013-2014 оқу жылында шетелдік тәлімгерлердің өтініштері онлайн жүйеде алына бастады. Шетелдік талапкерлер бұл жүйелерді ұнатты. Талапкерлер 2015 жылдың 3 мамыр күні өтетін емтиханға өтініштерін 30 наурыз бен 17 сәуір күндері арасында akus.akdeniz.edu.tr адресінен онлайн бере алады.
Жерорта теңізі Университеті емтиханы 2014 жылы алғаш рет шетелде Германия мен Әзірбайжанда болды. Германияда Берлин және Кельн, Әзірбайжанда Баку қаласында емтихан өткізілді. 2015 жылы осы емтихан шетелде 10 орталықта өткізіледі»
**
Профессор Исрафил Куртджептеден тәлімгерлердің жадынан еш шықпайтын екі сұрақты сұрадық, түрікше үйрену және степендия.
«Университетімізде биыл білім ала бастаған шетелдік тәлімгерлер Жерорта теңізі Университеті Білім орталығында түрік тілін үйренеді. Түрік тілі курсына Жерорта теңізі Университетінің тәлімгері болмаса да түрік тілін үйренгісі келетін барлық азамат келе алады.
Университетімізде степендиямен оқығысы келетін тәлімгерлер премьер-министрлік тарапынан берілетін Түркия степендияларына өтініш беруі керек. www.türkiyebursları.gov.tr адресінен онлайн өтініш қабылданады. Көбіне әр жылы сәуір-мамыр айларында қабылдау басталады».
Ректор мырзадан шетелдік тәлімгерлер Анталия мен Жерорта теңізі Университетін таңдау себебі не? деп сұрадық.
«Жерорта теңізі Университетін таңдау арқылы тәлімгерлер әрі Анталия сынды ең тамаша қалалардың бірінде өмір сүру мүмкіндігін табады, әрі Жерорта теңізі Университеті сынды табыстары ел асқан, Түркияның және әлемнің ең таңдаулы білім ордаларының бірінде білім алу мүмкіндігіне ие болады»
**
2015 жылдан күтетіндеріңізді, армандарыңызды фейсбук әлеуметтік желісіндегі TRT Horizon парақшасы арқылы бізбен бөлісуіңізге болады. Біз де әлеммен бөлісеміз. Тілектердің қабыл болуы үшін бірге жұмыстанайық.
Жаңа жылда да Түркия үні радиосында «Білім көкжиегінде» табысайық.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар