Мәулана Университеті

Проф. др. Танкут Ялчынөзбен сұхбат

207769
Мәулана Университеті

Өткен апта бойы ТРТ Horizon атты фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшамыз арқылы сіздермен хабарласып тұрдық.
Осы парақша арқылы бізге жеткен достарымыздың кейбірі Түркиядағы университеттерді таныстыруымызды ұнатыпты, сонымен бірге жеке меншік университеттер мен қор университеттеріне де орын беруімізді сұрапты. Сондықтан осы апта басқа бір қалаға барудың орнына, Кониядағы білім мүмкіндіктеріне үлес қосқан бір университетке барамыз. Осы университет есімін бұдан бұрын да мағыналы да мәнді сөздерін сіздермен бөліскен әлем көлемінде танымал ақын, ойшыл Мәулана Джелалледин Румиден алады.
**
Мәулана Университетін жақыннан тану үшін құрметті ректор, Проф. др. Танкут Ялчынөзбен кездесіп, микрофонымызды созамыз:


«Әзірет Мәулананың есімін алған университет 2009 жылы білім бере бастады. Мақсаты – білім сапасы, ғылыми зерттеу және басылымдарымен мәдениет және өнер іс-шаралары тұрғысынан әлемнің алдыңғы қатарлы білім ордалары арасында орын алу.
Афион қаласы жолы бойындағы қалашық 100 мың шаршы метр жерге құрылған. 30 мың шаршы метр жабық алаңы бар қалашық тәлімгерлердің барлық мұқтаждықтарын қамдайтындай түрде жобаланған. Университет құрамында инженерлік, медицина, құқық, менеджменттік факультеттері білім береді»

Кония қаласы мен Мәулана Университетінің суреттері
Келесі сұрағымыз Мәулана Университетіндегі әлеуметтік мүмкіндіктер туралы:


«Университет құрамында қыз және ер балалар үшін екі бөлек жатақхана қызмет береді. Өте замандас түрде жабдықталған жатақханаларымызда тәлімгерлеріміздің барлық мұқтаждықтары мен талаптары назарға алынған.
Таңғы ас, арнайы автобекет, тазалық қызметі, интернет, 24 сағат бойы қауіпсіздік қызметі, кір жуатын жерде жуатын және кептіретін жиһаздар, үтік бөлмесі бар. Университеттің көптеген тәлімгеріне степендия берудеміз.
Университетке қабылдау ұпайларына қарай толық степендия, 50 пайыздық степендия және 25 пайыздық степендия мүмкіндіктері беріледі. Университетке келіп түскен кезде де степендия мүмкіндіктері ұсынылады. Жылдың аяғындағы табыстарына орай да тәлімгерлерге академиялық степендия тағайындалады. Табысты спортшыларға да спорт степендиясы беріледі. Ғимарат тысында автобекет, спорт кешені сынды мүмкіндіктер, ғимарат ішінде де замандас және технологиялық түрде жабдықталған мекендер орын алған. Спорттық сайыстар өткізілетін спорт залы, медициналық орталық, кітапхана, кинотеатр, құрылтай орталығы, кафетериялар, мейрамхана, лабораторияларында технологияны да қолданып білім беріледі».
**
Мәулана Университеті шетелдік тәлімгерлерге қандай мүмкіндіктер береді?


«Әлемнің ең шығысынан ең батысына дейін 68 түрлі елден 260 шетелдік студентіміз қазір білім алуда. Халықаралық студент кеңсеміз осы тәлімгерлердің барлық мәселесімен айналысады. Түрік азаматтарының шынайылығы мен қонақжайлығы шетелдік тәлімгерлерді қуанта түседі. Университет құрамында медицина факультеті ауруханасы болуы да олар үшін жақсы, денсаулықтарына байланысты барлық проблемада көмекші боламыз».
Шетелдік тәлімгерлер Конияға неге келеді?
«Конияда шетелдік тәлімгерлерге қоғамдық көлікті қолдану тегін. Жатақхана бағасы да арзан. Стамбул, Анкара, Измир сынды үлкен қалаларға жақын, Анталия сынды туризм орталығына да жақын орналасқан. Ең маңыздысы тұрғынымыз жылы шырайлы, бұл шетелдік қонақтардың тұрмысын жеңілдетеді».


Шетелдік тәлімгерлер Мәулана Университетіне неге келуі керек?


«Инженерлік факультетінде әсіресе өнеркәсіп ынтымақтастығымыздың болуы студенттер үшін үлкен артықшылық. Әрі оқиды, әрі практикада үйренеді. Медицина факультетіне тәлімгер қабылдаймыз. Түрік тілін білмейтін шетелдік тәлімгерлерге университет жанындағы Түрікше үйрету орталығы жеңілдік жасайды. Орталық олардың қысқа уақытта түрік тілін меңгеріп кетуіне көмектеседі».


Ректор мырзаға бағытталған соңғы сұрағымыз: «Егер шетелдік тәлімгерлерді шақыру керек болса, қысқаша не дер едіңіз?»
«Шетелден университетімізге келуді жоспарлаған талапкерлердің мақсаты өте маңызды. Университетті бітіріп шыққанда қандай жұмыста болғысы келеді? Бұл өте маңызды. Халықаралық компанияларда жұмыс істегісі келетін болса, осы тақырыпта да барлық мүмкіндікті қамдаймыз. Шетелдік тәлімгерлерді болашаққа дайындаймыз. Академиялық жағынан да әртүрлі көмекті береміз. Біз үшін маңыздысы – студенттің табысқа жетуге деген талпынысы».


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар