Түрік Авиация Университеті - 2

Университет ректоры, Профессор Үнсал Балмен сұхбатымызды жалғастырамыз.

128260
Түрік Авиация Университеті - 2

«Бұлағына жетем десең, ағынға қарсы жүзу керек»
Түркия үні радиосында «Білім көкжиегінде» атты бағдарламадан баршаңызға сәлем. Қыркүйек айының осы алғашқы апталарында университеттерге тәлімгерлер құжаттарын тапсырып, тіркеліп жатыр. Біздің де халықаралық білім серуеніміз жалғасуда.


Бүгінгі бағдарламамызды польшалық ақын-жазушы Станислав Лехтің сөздерімен бастадық. Біз де білімнің қайнар көзіне жету үшін бар күшімізбен жұмыстануымыз керектігін білеміз.


Өткен апта сіздерді Анкарадағы Түрік Авиация Университетіне апарған болатынбыз. Осы апта да ректор, Профессор Үнсал Балмен сұхбатымызды жалғастырамыз.

Түрік Авиация Университеті фотосуреттері
**
Ректор мырзадан бізге Түрік Авиация университетінің степендиялары мен әлеуметтік мүмкіндіктері туралы мәлімет беруін өтіндік:


«Басқа университеттер ұсынған степендия мүмкіндіктерінің барлығына дерлігі бізде де бар. Алдымен тәлімгерлер білгісі келетін сұраққа жауап берейін. Егер бір тәлімгер университетке степендиямен түскен болса, университетті бітіріп шыққанға дейін тәлім ақысы жалғасады. Кейбір сабақтардан емтиханнан өте алмаса да, университетті он жылда бітірсе де, тәлім ақы алуын жалғастырады.


Әрине, Түрік Авиация университетінің тарихтан келе жатқан жауапкершілігі бар. Қандай жауапкершілік? «Болашақ аспанда» деген Мұстафа Кемал Ататүрік құрған бір мекеме. Сондықтан шәйіт пен ардагерлердің балаларына деген жауапкершілігі бар. Осы аяда да Түрік авиация университетіне оқуға келген шәйіт және соғыс ардагерлерінің балалары степендиямыздан пайдаланады»


Енді шетелдік тәлімгерлер тұрғысынан қарайын. Ректор мырзадан сіздің ойыңызша, шетелдік тәлімгер Түрік Авиация университетіне неге келеді?


«Осы аймақтың жалғыз авиация және ғарыш білімдері университеті бізбіз. Таяу Шығысқа, Балқанға қарағанда, солтүстікте Мәскеуге дейін барсаңыз, Киевке барсаңыз, Германияға Берлинге барсаңыз, Африкаға қарағанда бір ғана авиация және ғарыш білімдері университетін көресіз. Ол да Түрік авиация университеті. Сондықтан шетелдік студенттердің біздің университетке келуі үшін тек осы ерекшелік те жеткілікті. 1925 жылдан бергі тәжірибемізді, 4 әуежайымыз бар екенін, 80-нен астам ұшағымыз бар екенін айтсақ, сол да жетеді.»
Студенттер оқу үшін неге Анкараны таңдайды?


« Анкара – университет қаласы. Қазір Анкарада 17 университет бар. Бүл сан бара-бара артып отыр. Анкара – студент қаласы. 17 университеттің тәлімгерлерінің санын сіз ойлап қараңыз. Бұл да осында келген тәлімгердің осында жалғыз қалмайтынын, өз елінен де жерлестерін табатынын көрсетеді.


Басқа жағынан студенттер үшін ең маңызды нәрсе – материалдық жағдай. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Анкара Түркияның арзан қалаларының бірі. Осы артықшылықты да ойлау керек. Университет жағынан қарасақ, Еуропаның және Түркияның ең арзан қалаларының бірі.


Анкараға келу үшін көптеген себеп бар. Республика осы қалада құрылды. Тарихи жәдігерлер едәуір көп. Туристік саяхатқа шыққысы келсе Невшехир Каппадокия жақын жерде. Қалаған кезде теңізге баруға болады. Табиғаты тамаша жерлер бар. Осының бәрі мүмкіндік. Анкара студенттер қаласы»


Шетелдік тәлімгерлерге қысқаша шақыру жасасаңыз, не дер едіңіз?


«Бұл университетте бүгін 97 елдің студенті білім алып жатыр. 97 елден келгендер Анкараны таңдаған болса, осы университетті таңдаған болса, міндетті түрде, өте маңызды себебі бар деген сөз. Біз шетелдік тәлімгерлерімізден «неге бізді таңдадыңыздар» деп сұрағанымызда «Біз ұшуға дайынбыз» деп жауап берді. Біз де ұшуға дайын тәлімгерлерді Түрік Авиация университетіне күтеміз»


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар