Бурса Техникалық Университеті

Ректор Проф. Али Сүрменмен сұхбат

93705
Бурса Техникалық Университеті

Жаһандық білім қозғалысында Түркияның табысы қарқынды артып келеді. Біз де осы бағдарламада Түркияда оқығысы келетіндер үшін барлық сұраққа жауап беруді жалғастырамыз.
32 тілде бейне сұхбаттарды www.trt.net.tr/kazakh адресінен тамашалауға болады.
Ескертпелерді айтып кеткеннен кейін енді сұрауға болады, бүгін қайда боламыз? Білесіздер ме?
**
Бурса қаласында Бурса Техникалық Университетінің ректоры проф. Али Сүрменмен біргеміз. Осы жас, әрі динамикалық университетте біздерді не күтіп тұр, өзінен сұрайық:
Али мырза, бізді қонақ қылғаныңыз үшін рахмет!
**
«Осы бағдарламада бізге мүмкіндік бергеніңіз үшін мен де сіздерге алғыс айтамын. Қаламызға және университетімізге қош келдіңіз. Біздің университет 2010 жылы құрылған. 2011 жылдан бері студент қабылдай бастадық. Қазір университет құрамында алты факультет бар. Университет техникалық университет болғанына қарамастан әлеуметтік пән факультеттері де білім береді. Коммуникация факультеті, өнер және дизайн кафедралары бар. Бірақ Бурса өнеркәсіп қаласы болғандықтан, біз осында алдымен техникалық саламен, инженерлік білімімен бастадық.
Қазір бірі табиғат білімі, төртеуі инженерлік салада барлығы бес бакалавр деңгейінде білім беретін кафедрамыз жұмыс істейді. 8 мамандықта магистратура және докторантура студенттеріміз білім алуда. Жаңа университет болғанымызға қарамастан, студент санымыз 500-ге жетті. Бұлардың шамамен 78-і магистратура және докторантура студенттері болып табылады»
**
Али мырза, сіздер университет ретінде шетелдік студенттерге де есік ашуды жоспарлайсыз. Бурса Техникалық Университеті шетелдік студенттерді қонақ қылуға дайын бір университет. Ал шетелдік студенттерді осында не күтіп тұр, сізді таңдаудағы себебі қандай?
**
«Бурса – жан-жақты қамтылған бір қала. Осы ерекшелік басқа ешбір қалада жоқ. Сондықтан Бурса білім мүмкіндіктері секілді өмірдің ішінде болу тұрғысынан да ауқымды мүмкіндіктерге ие бір қала. Түркияның өнеркәсіп пен экспорт тұрғысынан өндіріс күші жоғары қалаларының бірі. Стамбулдан кейін екінші кезекте келеді. Сондықтан Бурсаға келетін студенттер әлеуметтік және техникалық салада өзіне сай атмосфера таба алады. Бурса сынды бір қалада оқу оған өзіне деген сенімді береді. Себебі қаланың мәдениеті өте бай. Шетелден келетін студенттер де осы мүмкіндіктерден пайдалана алады.
Біз алдымыздағы жылдан бастап университетімізді шетелден келетін студенттерге ашамыз. Шамамен 30-40 студенттен бастап, алдағы уақытта арттыра түсеміз.
Оларды Бурсада ыстық атмосфера күтіп тұр. Бурса – өте әдемі және тарихи бір қала. Османлы империясының алғашқы астанасы. Тауымен, жазығымен, теңізімен, егіншілігімен, өнеркәсібімен, туристік жерлерімен Бурса ерекше қала. Бурсаға келетіндердің жолы болады деп ойлаймын»
**
Дұрыс айтасыз, шетелдік достар осында келсе, тамаша қалаға келеді. Бурса Техникалық Университетінің әлеуметтік мүмкіндіктері туралы айтып берсеңіз?
**
«Университет құрамында студент клубтары құрыла бастады. Студенттер техникалық салада өздері жобаларын дайындап, өздерін таныстыра бастады. Алғашқы үш жылда студенттердің осындай белсенді болуы бізді қуантады. Біз оларға осы сенімді бердік деп есептейміз. Бір халықаралық сайыста екінші орынды иеленді, енді Америка Құрама Штаттарына ұшқышсыз әуе көлігі сайысына қатысу үшін жолға шығады. Үш жылдық университет үшін бұлар өте маңызды. Студенттер бізге келіп, күн энергиясымен жұмыс істейтін көлік, сайыс көлігі жобалап, жасауды қалайтындарын айтып, талап-тілектерін білдіреді. Біз де оларға қаржы тауып беріп, көмектесуге тырысамыз. Жаңа құрылған бір университеттің өзіне сенімді студенттерінің болуы қаланың өнеркәсіп жағынан дамығанына байланысты деп ойлаймын. Әрине, әкімшілік ретінде біздің оларға жақын болуымыздың, жолдас секілді қозғалуымыздың да әсері бар.
Жаңалық ашқысы келетін адамдардың саны өте аз. Немесе бір нәрсе ойлап тапқысы келетін адамдар. Сондықтан оларды ынталандыру керек.
Осы саясатымызды қазір жүргізіп отырмыз. Сондықтан Бурса Техникалық Университеті жаңа университет болса да әлеуметтік және техникалық іс-шаралар тұрғысынан болашағы жарқын білім ордасы»


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар