Чубаров Ердоғанға алғыс айтты

Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Рыфат Чубаров Ердоғанға Қырым татарларына 500 үй салу жобасы үшін алғыс айтты.

1622102
Чубаров Ердоғанға алғыс айтты

Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Рыфат Чубаров президент Режеп Тайып Ердоғанға Қырым Татар түріктеріне арналған тұрғын үй жобасы үшін алғыс хат жолдады.

Рыфат Чубаров Facebook-та жариялаған мәлімдемесінде Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі атынан Түркияның Украинаның егемендігіне берген қолдауына және Қырым Татар түріктерінің құқығын қорғаудағы сезімталдығына борышты екенін білдіріп, екі ел арасында Стамбұлда 10 сәуірде қол қойылған "Қырым Татар халқынынң өкілдері мен Украина азаматтарының пайдалануы үшін тұрғын үй салу саласындағы ынтымақтастық келісіміне" байланысты Ердоғанға алғыс хат жолдағанын хабарлады. 

Хатта Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің Түркияның Қырымнан көшуге мәжбүр қалған Қырым татар түріктерінің тұрмыс шарттарын жоғарлату талпынысына алғысы жеткізілді. 

Салынатын 500 үйдің мәселені толық шешпейтіні білдірілген хатта қосымша 500 үй салу мүмкіндігін қарастыру сұралды.

Украина перзиденті Владимир Зеленскийдің 10 сәуірдегі Стамбұл сапары аясында Қырым Татар түріктері үшін Украинада Топтық тұрғын үй басқармасы тарапынан 500 тұрғын үй салу үшін екі ел арасындағы келісімге қол қойылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар