Түркістан - түркі әлемінің рухани астанасы
Түрік кеңесі саммитінің декларациясы қабылданды.
1612321
Түрік кеңесі саммитінің қорытынды декларациясында Түркістанның түрік әлемінің рухани бас қаласы деп жарияланғаны және түрік әлемінің басқа ежелгі қалаларына да болашақта осыған ұқсас мәртебе берілуі жөнінде келісімге келінгені айтылды.
Түрік кеңесі саммитінде кеңестің түрік әлемінің құндылықтарының және мүдделерінің аймақтық және халықаралық аренада таныстырылуындағы ролін арттыру ниеті бекітілді. Декларацияда сонымен бірге қақтығыстар зиян тигізген аймақтардың қайтадан жандандырылуы, құрылуы және интеграциясы жұмыстары үшін Әзербайжан үкіметі және халқымен ұйымшылдық жасалатыны атап көрсетілді.