Иранда Әзірбайжан түркі тілінде газет шығады

Батыс Әзірбайжан депутаты мәлім етті.

Иранда Әзірбайжан түркі тілінде газет шығады

Иран мәжілісіндегі Урумие депутаты Надир Газипур шамамен 40 миллион азамат Әзірбайжан түркі тілінде сөйлейтін елде түркі тілінде бір газет жарияланатынын білдірді.

Иран мемлекеттік арнасына мәлімдеме жасаған түркі депутат Газипур Мәдениет және білім министрі Аббас Салихидің елде Әзірбайжан түркі тілінде бір газет шығарылуына рұқсат бергенін айтты.

Газипур министр Салихимен Әзірбайжан түркі  тілінде газет шығарылуы жөнінде кездесу өткізілгенін және алғашқы саны жарияланғанға дейін бақылайтынын айтты.

Депутат 24 сағат түркі тіліне шығатын бір телеарнаның болмауын да сынға алды. Газипур Батыс Әзірбайжанда жарияланатын телеарнаның 24 сағат түркі тілінде болуын сұрады.

Иранда 90-нан астам тіл мен диалекті қолданылады. Әзірбайжан түріктері,  араб, күрд,  белучтар мен түрікмендер – елдегі ең көп этникалық топтар.



Ұқсас жаңалықтар