«Кипрда бейбітшілік пен шешім баршаның мүддесіне»

СКТР елбасы Мұстафа Акынджы Кипрда бейбітшілік пен тұрақты бір шешімнің баршаның мүддесі екенін атап көрсетті.

«Кипрда бейбітшілік пен шешім баршаның мүддесіне»

Елбасы Акынджы Кипр тақырыбындағы соңғы жаңалықтар жайлы СКТР Республика Мәжілісі Жалпы Кеңесіне үн қатты.

Жиналыстың артынан мәлімдеме жасаған Акынджы жиналыстың өте жақсы және мықты бір келіссөз аясында өткенін Мәжіліске Кипр тақырыбында соңғы кезеңмен байланысты мағлұмат бөліскенін атап көрсетті.

Кипр Понти Әкімшілігі басшысы Никос Анастадиадиспен 26 ақпан күні өтетін кездесу алдында Мәжіліске мағлұмат бергенін және жеке көзқарасын бөліскенін жеткізген Акынджы жиналыста Мәжілісте өкілдік жасалған 6 саяси партия басшысы мен депутаттарының көзқарас, ұсыныс пен сындарын тыңдағанын білдірді.

«БҰҰ шаңырағы астында келіссөздер арқылы бейбітшілікті қамтамасыз етуді қалаймыз» деген Акынджы аймақтағы дағдарыстың барлық тараптарға зиян келтіргенін атап «Кипрда бейбітшілік пен шешім баршаның мүддесіне» деді.



Ұқсас жаңалықтар