Ирак түрікмендері түрік іскерлерді Иракқа шақырды

Ирак Түрікмен майданы мәлімдемешісі елдің өркендеуі үшін түрік іскерлері мен инвесторларына шақыру тастады.

Ирак түрікмендері түрік іскерлерді Иракқа шақырды

Түрікмендер жылдардан бері жалғасқан террор оқиғалары себепті қираған Ирактың өркендеуі үшін түрік іскерлері мен инвесторларын осы елге шақырды.

Ирак Түрікмен майданы мәлімдемешісі Али Мехди Ирактың қақтығыстар және террор оқиғалары себепті көп зиян көргенін атап көрсетті.

Террордан шаршаған елде түрік іскерлерді көруді армандағандарын атап көрсеткен Мехди «Ирактың өркендеуінде Түркияның рөлі мен салмағы болуға тиісті. Түрік инвесторлардың ел көлемінде түрікмендер жиі өмір сүрген Киркук, Мосул, Тель-Афар және Тузхурмату сияқты жерлерге инвестициялар салуы аса маңызды» деді.

Өркендеу жобаларын бастау үшін екі ел іскерлерінің де өз жауапкершіліктері бар екенін атап Киркук қоры мүшесі Махир Накиб болса «Түрік пен түрікмен іскерлер инвестиция жобаларын бірге жүзеге асыру керек» деді.

Накиб жекеменшік салада Түркия моделін Иракта құрудың өркендеу жобаларына үле қосатынына сенгендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар