Шекара жасақтарының әскери кеңесінің жиналысы өтті

Жиналыста екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық қолға алынды.

1113948
Шекара жасақтарының әскери кеңесінің жиналысы өтті

Тәжікстан мен Өзбекстан шекара жасақтарының алғашқы ортақ әскери кеңесінің жиналысы болды.

Бұл туралы Тәжікстан Шекара қорғау жасағы Баспасөз кеңсесі хабарлады.  Алғашқы ортақ әскери кеңес жиналысы Тәжікстанның Гүлистан қаласында өтті.

Тәжікстан Шекара қорғау жасағы қолбасшысы, армия генералы Раджабали Рахмонали мен Өзбекстан Шекара қорғау жасағы қолбасшысы, генерал-майор Руслан Мирзаев басшылығындағы жиналыста шекара қорғау жасақтары арасындағы ынтымақтастық қолға алынды.  Тараптар екі елдің Ауғанстанмен шекарадағы жағдайы және болашақтағы шарттар тақырыбында көзқарас алмасты.

Жиналыста Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың жақсы көршілік,  өзара түсіністік пен сенімге сүйенетін түрде жетілгені атап көрсетілді.  Жасақтардың 2018 жылғы ынтымақтастық жоспарының орындалуы талқыланып,  2019 жылдың ынтымақтастықтың жоспары дайындалды.

Қыркүйек айында екі елдің Қорғаныс министрліктері арасында бірінші рет ортақ әскери жаттығу өткізілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар