«Мазары Шариф-Пешавер» магистралінің құрылысы үшін консорциум қалыптастырылады

Өзбекстан, Ресей, Қазақстан, Ауғанстан мен Пәкістанның теміржол басқармаларының лауазым иелері Ташкентте бас қосты.

«Мазары Шариф-Пешавер» магистралінің құрылысы үшін консорциум қалыптастырылады

Өзбекстан, Ресей, Қазақстан, Ауғанстан және Пәкістан «Мазары Шариф-Пешавер» теміржолы магистралінің құрылысы үшін ортақ жұмыс тобы мен қаржы консорциумын қалыптастырады.

Бұл туралы Өзбекстан Мемлекеттік теміржол басқармасы хабарлады. Хабарламаға қарағанда, Өзбекстан, Ресей, Қазақстан, Ауғанстан мен Пәкістанның теміржол басқармаларының лауазым иелері Ташкентте бас қосты.  Олар Мазары Шариф- Кабул-Пешавер жаңа магистралін салу мәселесін талқылады.

Жиналыста аталмыш теміржол желісінің құрылысы үшін тараптар арасында ортақ жұмыс тобы мен қаржы консорциумы қалыптастырылуына байланысты хатаммаға қол қойылды.

Еуропа,  Ресей, Өзбекстан,  Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан және оңтүстік шығыс Азия елдерін байланыстыратын Мазары Шариф-Пешавер жаңа магистралі өңірлік сауданы арттырып,  елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтады. Сонымен бірге Ауғанстан секілді аймақ елдерінің дамуына септігін тигізеді.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің 2017 жылдың желтоқсан айындағы Ташкент сапары барысында Өзбекстан мен Ауғанстан арасында ұзындығы 760 км-ге жететін Мазары Шариф-Шыбырган-Маймана-Герат теміржолының салынуы үшін бір келісімге қол қойылған болатын.

Өзбекстан бұдан бұрын Ауғанстанда Хайратан-Мазары Шариф теміржол желісін салған еді.



Ұқсас жаңалықтар