Түрік Қызылайынан Сирия түрікмендеріне көмек

Азық-түлік, медициналық жабдық және дәріден тұратын көмек табыс етілді.

316414
Түрік Қызылайынан Сирия түрікмендеріне көмек

Түрік Қызылайы Сирияның Байырбуджак түрікмен аймағы мен Идлиб маңына гуманитарлық көмек тасыған 7 көлік жолдады.


Азық-түлік, медициналық жабдық және дәріден тұратын көмек Яйладаг ауданындағы шекарадан жолға шықты.


Рейханлы ауданынан жолданған көмек материалдар арасында да дәрі-дәрмек, медициналық жабдық пен су бар.


Түрік Қызылайының көмегі аймақта өз күшімен шатыр құрып тұрып жатқан отбасыларға табыс етілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар