Болгарияда түрік радиосы енді үш сағат беріледі

Радио таратқыштар да жаңалануда.

Болгарияда түрік радиосы енді үш сағат беріледі

Болгария Ұлттық радиосы түрік тіліндегі бағдарламасы эфирге үш сағат шығады.


Таңертең берілетін жарты сағаттық түрік тіліндегі бағдарлама уақыты бір сағат болды. Айырықша күн сайын түсте және кеште бір сағаттық жаңалықтар мен басқа бағдарламалар жарияланады.


Осы арада радионың елдің түрік және мұсылмандар көп тұратын солтүстік шығыс пен оңтүстік шығыс аймақтарындағы орта толқын жиіліктен шығатын таратқыштары да жаңаланады.


Кырджали қаласында FM желісінен эфир үшін рұқсат берілді. Осындай жұмыс Шумен үшін ойластырылуда. Видин қаласында да радио таратқыштың күші арттырылды.


Болгарияда 7,3 миллион халық санының шамамен 10 пайызын қалыптастыратын түрік және мұсылман тұрғындар тыңдайтын түрік тіліндегі бағдарламалардың радио таратқыштардың 2015 жылдың 1 қаңтар күнінен бастап өшіріліп тасталуы жергіліктің халықтың наразылығын туғызған болатын.


Өткен ай Болгарияға сапарлай барған ТРТ бас директоры Шенол Гөка BNR директоры Радослав Янкуловпен кездесіп, елдегі түрік тіліндегі радиолардың эфирлеріне байланысты проблемаларға шешім табуын сұраған болатын.


Биыл 80 жылдық мерейтойын атап өтетін Болгария Ұлттық радиосының мұрағатында шамамен бес мыңдай түрікше ән және екі мыңға жақын радио театрының даусы сақталған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар