Қырымға делегация жіберіледі

Қырым татарларына деген қысым артып отыр.

203620
Қырымға делегация жіберіледі

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қырымдағы адам құқығын бұзушылыққа байланысты аймаққа бейресми делегация жіберілетінін айтты.


Африка Одағы саммитіне қатысу мақсатымен Эфиопияға барған министр Аддис-Абебада журналистердің сұрақтарына жауап берді. Министр Чавушоғлу Ресей Федерациясы Тергеу комитеті Қырым басқармасының Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары Ахтем Чигөзді қамауға алуына тоқталды.


Чавушоғлу Қырымның Ресейге аннекcиясынан бері Қырым татарларына қысымның артқанын, шабуылдар болып тұрғанын еске салды.


Осы проблемалардың барлығын Ресей президенті Владимир Путиннің Анкара сапарында тілге тиек еткендерін білдірген Мевлүт Чавушоғлу жағдайдың өзгермегенін айтып, әкімшіліктің татарларға қысымының арта түскенін атап көрсетті.


Осы жағдайды қабылдай алмайтындарын білдірген Чавушоғлу «Осы қысымдар аяқталар және Қырым татарларының бүгінге дейін аяққа тапталған құқықтары берілер деп үміттенеміз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар