Татарстанда "Түрік кофесі" көрмесі

Ел астанасы Қазандағы көрменің беташарына Түркия және Татарстаннан азаматтар қатысты.

203651
Татарстанда "Түрік кофесі" көрмесі

Түркі әлемінің мәдени астанасы Қазан керемет көрмеге мекен болды.


Қырық жыл естен кетпейтін түрік кофесі Татарстанда таныстырылды.


Түрік кофесі қоғамының атқару комитеті мүшесі Осман Селим "Түрік кофесі бара-бара кең жайылып келеді. Тек Стамбулда бес жүзден астам түрік кофесі сататын кафе жұмыс істейді. Түрік кофесі ренесанстан өтуде. Түрік кофесі қайтадан кең тарауда. Қазанда да кофеде маманданған кафелер артуда және алдағы уақытта кофе кең қанат жаяды" деді.


Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Др. Абдурахман Арыджы да "Түріктерде "Бір кофе қырық жыл естен шықпайды" деген сөз бар. Сіз де осында түрік кофесінің дәмін татып, қырық жыл бізді еске аларсыз.Татарстан мен Түркия арасында күн өткен сайын дамып келе жатқан әрі сауда, әрі экономикалық қатынастарға осындай шаралар арқылы үлес қосқанымызға қуанамыз. Осы көрмені ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін" деді. 

Ескишехир қаласы әкімі Азим Гүнгөр Туна болса "Татарстан мен Түркия республикалары арасында әсіресе Ескишехир мен Қазан арасындағы бауырластық пен достықтың одан әрі дамуы үшін жұмыстанудамыз және бұдан былай да жұмыстанамыз" деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар