Қытай-Еуразия ЭКСПО халықаралық көрмесі ашылды

Көрме Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономдық өлкесінің орталығы Үрімшіде есігін ашты.

110931
Қытай-Еуразия ЭКСПО халықаралық көрмесі ашылды

Төртінші Қытай-Еуразия ЭКСПО халықаралық көрмесі ашылды.


Көрме Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономдық өлкесінің орталығы Үрімшіде есігін ашты.


Алты күндік көрменің беташарына Қытай халық Республикасының вице-премьері Ванг Янгпен қоса көптеген шетелдік қонақ қатысты.


Көрме Янгтың айтуынша - «тарихи Жібек жолы үстінде орналасқан елдер арасында экономикалық және техникалық ынтымақтастықты арттыратын бір көпір».


Аталмыш көрме барысында 10 форум және келісім жиналысы өткізіледі. Жиналыстардың негізгі тақырыбы – Жібек жолы экономикалық белдеуінің қалыптастырылуы.


Жібек жолы экономикалық белдеуін алғаш рет Қытай Халық Республикасының мемлекет басшысы Си Цзиньпин өткен жылы Орталық Азия сапары барысында көтерген болатын.


Жоба Азия және Еуропадағы 40 ел мен 3 миллиардтық адамды қамтиды.


Қытай-Еуразия ЭКСПО көрмесі 2011 жылы 19 жылдық Қытай Үрімші сыртқы экономикалық қатынастар және сауда көрмесінің орнына ашылған болатын.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар