Ататүріктің қайтыс болғанына 86 жыл
Ұлы көсемді тағы бір рет құрметпен еске аламыз.
Бүгін Түркия Республикасының негізін қалаушы және тұңғыш президент Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болғанына 86 жыл толды. Біз оны сүйіспеншілік және құрметпен еске аламыз.
Чанаккале шайқасы кезіндегі табысымен назар аударған Мұстафа Кемал Бірінші Дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Османлы империясын «жеңіліске ұшырады» деп есептеп, отан топырағын жеңімпаз елдер жаулап ала бастаған кезде түрік ұлтына көшбасшылық жасап, тәуелсіздік күресін жүргізді. Бұл күрес табыспен аяқталған соң Лозаннада қабылданған Бейбітшілік келісімі нәтижесінде Түркия Республикасы құрылды және Мұстафа Кемал тұңғыш президент болып сайланды. Артынан «Ататүрік» тегін алған көшбасшы өзі бастап жүзеге асырған реформаларымен заманауи бір қоғамның құрылуына үлкен үлес қосты.
Ұлы көсемді тағы бір рет құрметпен еске аламыз.
Ұқсас жаңалықтар
24 қараша – Мұғалімдер күні
Қоғамымыздың білім алуында үлкен жауапкершілігі бар мұғалімдеріміздің әрқашан жанындамыз.