Стамбулдың Чукуржума ауданы

Капитанның борт журналы - 17

2186903
Стамбулдың Чукуржума ауданы

Стамбулдың Чукуржума ауданы

Байырғы дәуірлер, ескі бұйымдар, сол бұйымдардың естеліктері сізді қызықтыра ма? Ал көне кітап сататын дүкендер мен антиквариат сататындар ше?

Мына айнаға кім қарады екен? Мына орындықта бұрын кім отырған? Кім ішті мына шыныаяқпен кофені? Сағаттың ішіндегі құыс уақытты қанша рет білдірді?

Мына кітапты оқыған, қасына жазып қойған, журналдың беттерін ақтарған кім екен?

Сансыз сұрақ, сансыз ой келеді осы жерлерде. Мен үшін ескі бұйым сататын жердер қазына сандығы секілді. Хикая жазып кетемін, бір кездері болған адамдарды, олардың қимылдарын ойлап отырып.  Адам мен бұйымның адамды қызықтыратын хикаясына батып кетемін.

 Бүгін Стамбул қаласының антиквариатшылары, тарихи моншалары және ғимараттарымен бізді байырғы заманға жетелейтін Чукуржума ауданына барамыз.

Чукуржума – Стамбулдың ең байырғы аудандарының бірі. Адамды құшақтап алатын, тіпті өз ішіне сүңгітіп жіберетін бір жер. Осы ерекшелігіне орай әрі келушілердің, әрі фильм секторының назарын аударады.

Чукуржуманы аралауды қызықты бір мұражайдан бастаймыз. Масумиет мұражайы, яғни Пәктік мұражайы.  Нобель сыйлығының лауреаты,  жазушы Орхан Памуктың осымен аттас романының мұражайы осы жер. Яғни Пәктік мұражайы – Орхан Памуктың романының аты,  сонымен бірге осы романның мұражайы. Бір романның мұражайы қалай болады деп ойлап отырған боларсыз.  Онда қанекей, мұражайды аралап, сұрақтарымызға жауап берелік.

Бұл мұражайда романның негізгі кейіпкерінің бұйымдары, суреттері, армандары бар. Ойдан жасап шығарылған бір әлем осы жерде нақты бұйымдармен алдымызға шығады. Мұражай романды оқымағандар үшін де қызықты болып келеді.  Адамды өз естеліктеріне сапарға шығарады. Осындағы бір бұйым немесе естіген бір дауыс арқылы дерек өзіңізге байланысты ертеректе болған бір оқиғаға секіріп кетесіз. Көптен ұмытылды деген кісілер, сол жылдары сіздің бойыңызды кернеген сезімдер келеді дереу. Өткен күнмен жүздесу секілді осында болу адамды бірақ мұңайтады. Ал енді қатты мұңға батпай тұрғанда мұражайдан шығалық.

Ауданның атақты моншасы Чукуржума моншасының алдынан өтіп, Мухиддин Молла Фенари мешітіне қарай жылжиық. Осы ағаштан салынған және күмбезі жоқ мешіт – Мимар Синанның туындыларының бірі.  Басқа туындыларына қарағанда едәуір қарапайым.

«Арт нова» стиліндегі ғимараттар тізілген Фаик Паша көшесіне қарай жылжимыз. Қазір жоғарыда айтылған байырғы бұйымдар сатылатын дүкендер орналасқан көшене жетеміз. Тек витриналарға қарап-ақ неше ғасыр артқа кетуге болатын осы дүкендер міне,  көріне бастады. Уақыт машинасы деп айтылатын нәрсе бәлкім осы антиквариат дүкендері болар. Күйтаспалар, фотосуретер, бөтелкелер, шыралар, түрлі бұйым табылады. Қазіргі дүниеде тұрып, бізді сол сәттен басқа жаққа алып кететін, өткенге жетелейтін осы мекендер сіздің ойыңызша да уақыт машиналары емес пе?

Чукуржумадан Жихангирге қарай жол тартамыз енді.  Жихангир сапарымызды да бір мұражаймен бастаймыз. Түрік әдебиетінің маңызды қаламгері Орхан Кемал мұражайы. Бұл жер әдебиет сүйер қауым үшін ерекше жер. Жазушының әлеміне қонақ болу, сол атмосферада тыныс алу, оның бұйымдарын көру адамға ерекше сезім сыйлайды. Бұл мұражай жазушы тұрған үй болмаса да,  оның бұйымдары мен хаттары,  кітаптарының алғашқы нұсқалары, жазу машинкасы мен жұмыс үстелі осында көрмеде. «Нан үшін күрес», «Берекетті жер туралы, ханымның шаруашылығы. Еске бірден түсетін шығармалары. Қоғамның шын оқиғалары, әңгіме мен романдар. Теңдесі жоқ қалам шеберін әлі оқымаған болсаңыз, кешікпей оқып көріңіз.

Мұражайдан кейін Мимар Синанның басқа бір туындысын көруге барамыз. Ауданмен бірдей есіммен аталатын Жихангир мешіті Стамбулда міндетті түрде көру керек мешіттердің бірі.  Кануни Сұлтан Сүлейман жастай қайтыс болған баласы Жихангир үшін салғызған.  Бірнеше ірі өрт пен сансыз жер сілкінісінен өткен мешіт кейін жаңаланады.  Жихангир мешіті ішкі мекендегі әсемдігі, бұғазға жоғарыдан қарап тұрған тұғырымен төрт ғасырдан бері құламай тұр.



Ұқсас жаңалықтар