Еуразиядағы соңғы жаңалықтар
Еуразия күн тәртібі - 37
Еуразия күн тәртібі - 37
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 2-3 қыркүйекте Моңғолияға ресми сапармен барды. Владимир Путин Ұлан-Батырда Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурелсух, Парламент спикері Амарбаясгалан Дашзегвинмен және Премьер-министр Оюун-Эрдэнэ Лувсаннамсраймен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасында 5 келісімге қол қойылды. Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов Ресей, Моңғолия және Қытай жыл соңына дейін 30-дан астам стратегиялық жобаны бірлесе дайындайтынын мәлімдеді. Путин Моңғолиядан Владивостокқа барып, Шығыс экономикалық форумына қатысты. 3-6 қыркүйекте өткен форумға 75 елден 7 мыңнан астам өкіл барған.
3 қыркүйекте Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Ашхабадта ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті. Кездесуде 300 жылдық мерейтойы тойланған Мақтымқұлы Пырағы мен Түрік әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған Анау қаласына қатысты іс-шаралар талқыланды.
3-5 қыркүйек аралығында Астанада Азия-Тынық мұхиты цифрлық қосылу және трансформация конференциясы өтті. Конференцияға 60-тан астам елден өкілдер қатысты. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қатысқан конференцияда Азия-Тынық мұхиты аймағының цифрлық трансформациясы туралы есеп ұсынылды.
5 қыркүйекте Украина Парламенті Жоғарғы Рада соңғы жылдардағы ең ірі министрлер кабинетінің ауысуын мақұлдады. Украина үкіметіндегі жеті министрлікке жаңа министрлер тағайындалды.
2024 жылдың 6 қыркүйегінде Шолпан-Ата қаласында Түркі Мемлекеттері Ұйымының Ішкі істер министрлерінің 1-ші отырысы өтті. Отырысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның ішкі істер министрлері қатысты. Кездесу соңында декларацияға қол қойылды. Сол күні Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерін қабылдады.
Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары Хан Чжэн 6-8 қыркүйек аралығында Моңғолияда болды. Хань Чжэн Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурелсухпен, Парламент спикері Амарбаясгалан Дашзегвинмен және Премьер-министр Оюун-Эрдэнэ Лувсаннамсраймен кездесті.
---
1 қыркүйекте өткен Әзербайжан Парламент сайлауының нәтижелері жарияланды. Сайлау қорытындысы бойынша Жаңа Әзербайжан партиясы 68 орынмен бірінші партия болды.
4-6 қыркүйекте Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Италияға жұмыс сапарымен барды. Әлиев Италия Президенті Серджио Маттарелла мен Премьер-министрі Джорджия Мелонимен кездесті. Келіссөздерден кейін тараптар арасында үш келісімге қол қойылды. Президент Әлиев халықаралық форумда сөз сөйледі.
Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Түркияның BRICS -ке толық мүше болу үшін өтініш бергенін хабарлады. Ушаков Президент Режеп Тайып Ердоғанның 2024 жылдың 22-24 қазан күндерінде Қазан қаласында өтетін BRICS саммитіне шақыруды қабылдағанын мәлімдеді. Өткен айда Әзербайжан BRICS-ке мүше болуға өтініш білдірген болатын.