Түркияның Көгілдір Отандағы сақшылары
Энергетика әлемі – 36
Түркия көгілдір отанында сейсмикалық зерттеулер мен көмірсутекті бұрғылау жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда.
Түркияның ең үлкен энергетикалық жаңалығы Қаратеңіздегі Сакария газ кен орнында жасалды.
Бірақ Түркия энергетикаға қатысты бұл процеске оңай жеткен жоқ. Әсіресе Кипр аралының төңірегіндегі оқиғалар Анкараны энергетикаға қатысты белсенді саясат жүргізуге итермеледі.
Сейсмикалық зерттеу және бұрғылау кемесі қалаған уақытта табылмаған соң Түркия алғашқы бұрғылау кемесін сатып алуды таңдады.
Флоттың алғашқы кемесі осылайша 2012 жылы сатып алынды.
Сейсмикалық зерттеу мақсатты сатып алынған кемеге түрік теңізшілігінің маңызды қолбасшыларының бірі Барбарос Хайреттин Пашаның есімі берілді.
Ұзындығы 84 метрлік «Барбарос Хайреттин Паша» бұрғылау кемесі Қаратеңізде алғаш сейсмикалық зерттеуін бастады.
Алайда аймақтық оқиғалардың артынан Қаратеңіздегі барлаудың ауқымды екенін түсінген Анкара бірінен соң бірі флотты кеңейту қадамдарын басты.
Пайдалы қазбаларды зерттеу және барлау бас дирекциясы «Оруч Реис» кемесінің құрылысы тақырыбында ұлттық ресурстарды пайдалану туралы шешім қабылдады. «Барбарос Хайреттин Паша» флотқа жаңа ғана қосылғанда Анкара екінші кемеге тапсырыс берді. «Оруч Реис» кемесінің құрылысы 2012 жылы Тузла кеме өңдеу зауытында басталды. Кеме 3 жылдай қысқа мерзімде жасалды. 2015 жылы жүзе бастады. Өзінің алғашқы қызметін жылдар бойы дағдарыс аймағы болған Жерорта теңізінде жүзеге асырды. Мұнай мен табиғи газды барлау жұмыстарын бастады.
Ұзындығы 87 метрлік «Оруч Реис» теңіз түбінен 15 шақырым тереңдікте көмірсутектерді іздеу мүмкіндігіне ие.
Түркия сейсмикалық зерттеу кемелерімен бірінен соң бірі жаңалық ашқанымен, ұлттық ресурстарды пайдаланбай бұрғылау жұмыстарын жылдамдата алмайтыны байқалды. Бұл жолы бұрғылау кемелері үшін қадам басылды.
Процестің жылдам жүруі үшін аутсорсинг әдісі таңдалды. Оңтүстік Кореяда жасалған бір кеме туралы шешім қабылданды. Норвегиядан сатып алынған алғаш бұрғылау кеме «Фатих» деп аталды.
6-шы буын және жоғары технологиялық бір өнім болып табылатын «Фатих» өз класында әлемдегі ең жақсы 5 кеменің қатарында орын алады. Кеме жоғары қысыммен теңіз түбінде 12 мың метрден астам тереңдікте бұрғылау жұмысын жүргізе алады.
Ұзындығы 229, ені болса 36 метр. 64 метр биіктігінде 2 мұнарасы бар. Бұл мұнаралар мың 750 тонна жүк көтеру күшіне ие.
Фатихтің алғашқы қызмет орны Жерорта теңізі болды. Кеме 2018 жылдың 29 қазан күні «Алания-1» атты кен орнында терең теңіз бұрғылау жұмысын жүргізді.
«Туна 1» кен орнында 2 мың 100 метр тереңдіктен 320 миллиард текше метр табиғи газ тапты. Бір жылдан кейін «Амасра-1» атты бұрғылауынан тағы 135 миллиард текше метр табиғи газ табылды.
Дегенмен әлеуетін білген Түркия өз флотын кеңейту жұмыстарын тоқтатқан жоқ.
2018 жылы флотқа «Явуз» атты бұрғылау кемесі қосылды. Жаңарту және жөндеу шараларының артынан 2019 жылы маусым айында Жерорта теңізінің шығысында жұмысын бастады. 6-шы буын ультра терең теңіз бұрғылау кемесі «Явуз» бір уақытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Түркияның 3-ші бұрғылау кемесі «Кануни Сұлтан Сүлейман» болды. 2020 жылы флотқа қосылған кеме Қаратеңіздегі «Түркали-2» ұңғымасында алғаш терең теңіз ұңғысын сынақтан өткізді.
2022 жылы тағы бір кеме флотқа қосылды. Әлем бойынша 7-ші буын технологиямен 5 кеменің қатарына кіретін «Абдулхамид Хан» 12 мың 200 метрге дейін бұрғылай алады.
Түркия энергетика флотын сақтау тұрғысынан да кеңейді. Измир Алиаға мен Хатай Дөртйолда бір-бірден СТГ сақтау және газдандыру қондырғысы мен жаңадан газдандыру терминалы, яғни табиғи газды өңдеу қалқымалы платформасын орналастырды. Түркия енді флотқа тағы бір алып кеме қосуға дайындалуда. Табиғи газды өңдеу қалқымалы платформасының энергетикалық флотына қосылу үшін күн санауда. Осылайша Қаратеңіз табиғи газын құрлықта өңдеуді қажет етпей, теңіз арқылы тікелей жүйеге қосу жоспарлануда.
Ені 360 метрлік қалқымалы платформа Сакария газ кен орнында жұмыс істейді. Толық қуатпен жұмыс істеген жағдайда жыл сайын 5 миллион үйдің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Сингапурдан жолға шыққан кеменің Фильос портына қараша айында келуі күтілуде.
Өзінің флотын кеңейтіп отырған Түркия көмірсутегі саласындағы халықаралық бастамаға дайындалуда. Сомалимен жасалған келісімге сәйкес сейсмикалық зерттеу кемелерінің бірінің алдағы апталарда аймаққа аттануы жоспарлануда.
Бұрғылау кемесін әскери-теңіз күштері қорғайды.