“Ардаханның Ханак ірімшігі”
Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 34
Тіркеу уақыты: 25.03.2024
Түркияның Шығыс Анадолы аймағында орын алған шекаралық қала Ардаханның Ханак ауданы өндірісі және дәмімен өте керемет бір ірімшік сортына қонақжайлық жасайды. Ардахан Сауда және өнеркәсіп палатасының өтініші бойынша 2024 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдерінің қатарына қосылған «Ханак ірімшігі» аймаққа тән «Анадолы қоңыры» (Anadolu esmeri) деп аталатын сиыр түрінің сүтінен өндіріледі.
Аймақтың таулы құрылымы, үлкен үстірттері мен жайылымдары, өсімдіктің әртүрлілігі ірімшік шикізатын құрайтын сүттің майлы әрі сапалы болуының ең басты себебі.
Ханак ірімшігінің өндірісінде сиырлардан маусым мен қыркүйек айлары аралығында жиналған және күнделікті қолмен өңделетін сүт жылыту, ашыту, тұздау және салқындату процестерінен өтеді. 13 литр шикі сүттен шамамен 1 килограм Ханак ірімшігі өндірілуі мүмкін. Әрбір талшығы қалыңдығы 4 миллиметрге дейін және 6 метрге дейін созылатын өте икемді бір құрылымға ие.
Ашық сары түсімен ірімшіктің құрамына малдар табиғи өсімдіктерден қоректенгені үшін ақжелкен, ромашка, қалампыр, көкнәр сияқты гүлді хош иістер сіңген.
Тас тұзымен тұздалған және осы себепті сақтау мерзімі 2 жылдай болатын ірімшікті әсіресе тұзға сезімтал адамдарға тұтынар алдында біраз уақыт суда ұстау ұсынылады.