Татар тілінің жазба тілі бай

Түрік тілінің байлығы-07

2174401
Татар тілінің жазба тілі бай

Татар тілі татар халқының ұлттық тілі. Татар тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобындағы қыпшақ-бұлғар тармағына жатады. Оны кейде бір топқа жататын қырым татарынан ажырату үшін «Қазан татары» немесе «Еділ татары» деп те атайды. Татар тілі Татарстан Республикасының мемлекеттік тілі және Ресей Федерациясында таралуы және сөйлейтіндер саны бойынша екінші тіл болып саналады. Татарстаннан бөлек Башқұртстан, Болгария, Қазақстан, Румыния, Қытай, Түркия, Финляндия, Украина, Қырғызстан, Әзербайжан, АҚШ, Тәжікстан және кейбір Еуропа елдерінде кең географияда татар тілі қолданылады.

Татарлардың бір бөлігі Батыс Сібірге 18-19 ғасырларда Еділ өзенінің жағасынан қоныс аударған. Бұл аймақта қолданылатын татар  тілі Еділ татар тілінің  Батыс Сібір диалектісі ретінде білінеді. Батыс Сібір диалектісін негізінен Ертіс алқабында, Тобыл, Түмен, Томск және Бараба қалаларында естуге болады. Бірақ осы таңда  бұл аймақтағы орыс тілінің ықпалына байланысты қолданылуы шектеулі. Түркияның Конья облысының Джиханбейлі ауданында қолданылатын татар тілінің түбірі татар тілінің Батыс Сібір диалектілеріне негізделген. Осы себепті аталмыш ауданның тұрғындары Сібір түріктері немесе Сібір татарлары деп аталады. Сібір татарлары Түркияға 1908 жылы патшалық Ресей кезіндегі қырғындар мен мәжбүрлі көші-қон кесірінен келген.

***

Татар тілінің жазба тілі бай. Татарлар Орталық Азиядан Еуропаға дейін кең географияда өмір сүрген түрік халқы болғандықтан, олардың тілі тарих бойы әртүрлі әсерге ұшыраған. 1303 жылы жарыққа шыққан  «Кодекс Куманикус» атты еңбектің татар тілінде жазылған деген көзқарас бар. Қарастырылып отырған шығарманың тілін қазіргі татар тілі  деп тікелей анықтауға болмайтын шығар. Бірақ «Кодекс Куманикус»-тың тілі мен татар тілі арасында маңызды байланыстар бар. Осы себепті «Кодекс Куманикус»-тың тілін кейбір ғалымдар ескі татар диалектісі деп санайды.

Татарлар  19 ғасырдың ортасына дейін шағатай тілі деп аталатын жазба тілін қолданды. Аталмыш ғасырдың аяғында олар өз диалектісінде, яғни Қазан татар тілінде жаза бастады. Осылайша бүгінгі татар жазба тілінің іргетасы қаланды.

Исламды қабылдаған 10 ғасырдан бастап 1927 жылға дейін араб әліпбиінен пайдаланған   татарлар 1927 жылдан бастап 1939 жылына  дейін 12 жыл бойынша Кеңестік Ресей билігінде өмір сүрген түркілер арасында дамыған латын әліпбиіне негізделген Ортақ түрік әліпбиін қолданды. Кеңес Одағы шекарасында тұратын барлық түрік халқының кириллицаға негізделген әліпбиге көшу үдерісінің нәтижесінде татарлар 1939 жылы жаңа әліпбиді қабылдады. Бұл әліпби  осы таңға  дейін қолданып келеді.

Татарлар Ресей Федерациясының шекарасында ең көп қоныстанған азсанды  ғана емес, олардың тілі де орыс тілінен кейінгі екінші ең көп қолданылатын тіл. Бірақ татарлар Ресейдің көптеген аймақтарында шашыраңқы өмір сүріп жатқандықтан, аймақтағы барлық дерлік қауымдармен азды-көпті қарым-қатынас ішінде болуда. Бұл жағдай татар тілінің Татарстан Республикасы шекарасында  тіпті көп дамып, басқа аймақтарда орыстың ықпалында қалуына себеп болады.

Бүгінде Ресей Федерациясының құрамындағы Татарстан Республикасында қолданылатын татар тілі орыс тілімен қатар ресми тіл болып табылады.  Татар тілі Татарстан халқының білім беру жүйесінде де маңызды орын алады. Бұл жағдай татар  тілін қорғау және дамыту үшін оң фактор болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар