“Түркияның мұнай нысандары артуда”
Энергетика әлемі – 33
Түркияның мұнай нысандары артуда
Түркия мұнай өндірісінде тарихи деңгейге жетті. Жалпы тәуліктік өндіріс 100 мың баррельден асты. Түркияда алғаш рет 1940 жылы Батмандағы «Раман-1» ұңғымасы ашылды.
Қазір Түркияда 6 мыңға жуық мұнай ұңғымасы бар. Осы ұңғымалардың шамамен 2500-і мұнай өндіреді. Қазіргі мәліметтерге қарағанда Түркияның 1,3 миллиард тонна мұнай қоры бар.
Дегенмен өндірістің көпшілігі Габарда жасалады. «Шейіт Айбүке Ялчын» және «Шейіт Эсма Чевик» кен орындарында күнделікті мұнай өндіру 40 мың баррельден асты.
2024 жылға арналған жаңа нысана алдымен 150 мың баррель, одан кейін 200 мың баррельге жету.
Түрік мұнай акционерлік қоғамы «Шейіт Айбүке Ялчын» кен орнындағы жаңа табылған мұнайдың резервін жалпы 1 миллиард баррель, өндірілетін қорларды шамамен 600 миллион баррель деп бағалайды.
Шырнак өндірісте маңызды орынға ие болғанымен, бұл кен орындары өте қысқа мерзімде кеңейтіледі деп күтілуде.
Өткен жылы 214 жаңа ұңғымада бұрғылау жұмыстары басталды. Мұнай өндіретін ұңғымалар саны 2 мыңға жетті.
Бірак бұл тек қана бастама ретінде қарастырылады. Алдымен Хаккари мен Ванда өте қысқа мерзімде жаңа бұрғылау жұмыстары басталады.
Ұзақ мерзімді перспективада 14 қаладағы 18 кен орнында мұнай барлау жұмыстары басталады. Аталмыш қалалар арасында Газиантеп, Анталия, Чанаккале, Шанлыурфа, Зонгулдак, Диярбакыр, Бартын, Карабүк, Кастамону, Элазығ, Эдирне, Кахраманмараш және Килис орын алады.
Өндірістің артуымен Түркия бірінші кезекте мұнай қажеттілігінің 20 пайызын ұлттық ресурстардан қамтамасыз етуді нысанаға алып отыр. Әсіресе ағымдағы шот тапшылығын жабуда мұнай өндірудің маңызы зор.
Жаңа ашылымдардың түрік экономикасына жылдық үлесінің 3 миллиард доллардан асады деген болжам бар.
Габарға мұнай құбыр желісі салынуда
Габардан мұнайды жүйеге одан тезірек тасымалдау үшін инфрақұрылымдық жұмыстар тоқтаусыз жалғасуда.
Аймақта осы уақытқа дейін 480 шақырым ұзындығында тас жол салынды.
Сонымен қатар мұнайдың құбыр желісімен Құбыр желілері мен мұнай тасымалдау акционерлік қоғамы «BOTAŞ»-тың Идил станциясына жеткізу тақырыптарындағы жұмыстар да жалғасуда. Желінің жартысынан астамының аяқталғаны атап көрсетілді. Мұнайдың Идил станциясынан Джейхан мен Дөртйолға жеткізілімі де экспортталуы тұрғысынан үлкен маңызға ие.