Еуразия республикаларының жаңалықтары
Еуразия күн тәртібі –32
2024 жылы 30 шілдеде Иран президенті болып сайланған Масуд Пезешкианның ант беру рәсімі өтті. Ант беру рәсіміне Еуразия елдері арасында Тәжікстан президенті, Әзербайжан премьер-министрі, Ресей Федерациясы парламентінің төрағасы, Қазақстан Сенаты төрағасы, Армения мен Грузия премьер-министрі, Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары, Түркия мен Түрікменстанның Сыртқы істер министрі қатысты.
***
2024 жылдың 1 тамызында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Моңғолияға ресми сапармен барды. Министр Блинкен ел астанасы Ұланбатыр қаласында Моңғолия Президенті Хурелсух Ухнаагийн, Премьер-министр Оюун Эрдэнэ Лувсаннамсрай және Сыртқы істер министрі Батцэцэг Батмунхпен кездесулер өткізді.
***
2024 жылғы 1 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррельді қабылдады. Кездесуде Орталық Азия қауіпсіздігі және Қазақстан-Еуропа Одағы қарым-қатынастары талқыланды. Жозеп Боррель Қазақстаннан Қырғызстанға барды. 3 тамызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Боррельді қабылдады.
***
2024 жылғы 2 тамызда Конго Республикасының президенті Денис Сассу Нгуессо Қазақстанға алғашқы ресми сапарын жасады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Нгуесо жеке және делегация аралық кездесулер өткізді. Кездесулер нәтижесінде Қазақстан мен Конго Республикасы арасында 10 келісімге қол қойылды.
***
Швейцария президенті Виола Амхерд 2024 жылдың 2 тамызында Моңғолияға алғашқы мемлекеттік сапарын жасады. Президент Виола Амхерд ел астанасы Ұланбатырда Моңғолия Президенті Хурелсух Ухнаагийн, премьер-министр Оюун Эрдэнэ Лувсаннамсрай және Парламент төрағасы Амарбаясгалан Дашзегвиинмен кездесті. Биыл Моңғолия мен Швейцария екіжақты қарым-қатынасының орнағанына 60 жыл толады.
***
2024 жылдың 30 шілдесінде Түркия мен Арменияның екіжақты қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру жөніндегі арнайы өкілдері Сердар Кылыч пен Рубен Рубинян Аликан-Мармара шекара қақпасында бесінші кездесуін өткізді. Армения соңғы уақытта Түркиямен де, Әзербайжанмен де тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін нақты қадамдар баса бастады.
***
2024 жылдың 30-31 шілдесінде Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Түрікменстанға ресми сапармен барды. Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов министр Байрактарды қабылдады.
***
2024 жылдың 1 тамызында Анкарада Ресей мен Батыс арасында тұтқын алмасу болды. 26 тұтқынды босатқан бұл алмасу қырғи-қабақ соғыстан кейінгі ең үлкен алмасу ретінде тіркелді.
***
2024 жылы 2 тамызда Украина қорғаныс министрі Рүстем Умаров Түркияға ресми сапармен келді. Анкарада министр Умаров Түркияның Қорғаныс министрі Яшар Гүлермен кездесті. Түркия мен Украина арасында 3 тамыз күні қол қойылған Еркін сауда келісімі Түркияның ресми газетінде жарияланғаннан кейін күшіне енді. Түркия мен Украина 7,3 миллиард долларға жеткен жылдық сауда көлемін қысқа уақытта 10 миллиард долларға жеткізуді мақсат етуде.