Түрікмен әдебиеті және Мақтымқұлы Пырағы

Өмірін түрік әлеміне арнағандар - 16

2172129
Түрікмен әдебиеті және Мақтымқұлы Пырағы

Түрікмен әдебиеті және Мақтымқұлы Пырағы

Бүгін сіздерге түрікмен әдебиетінің жетекшісі және түрікмен тілінің әдеби тіл болуына өлеңдерімен үлкен үлес қосқан Мақтымқұлы Пырағы туралы айтып береміз.

 **

1733 жылы Мақтымқұлы Пырағы Етрек және Гүрген өзендері арасындағы Қажыговшанда дүниеге келді. Бір лақап ат деп болжалатын Мақтымқұлы Пырағының басқа аты белгілі емес.  Көшпенді Гөклен руының Геркеш бойынан Мақтымқұлының Гарры молда деп аталған әкесі Дәулетмемет Азади де өз дәуірінің алдынғы қатары ақыны. Мақтымқұлы алғашқы білімін әкесінен алады. Киіз басу, зергерлік секілді ата кәсіптерін де меңгерді.  Білімін Қызылаяк деген жерде және артынан Бұқарадағы Күкілтас медресесінде жалғастырды. Бір мезгілден кейін осында өзіне жолдас болған Сібір түрікмен Нури Казым ибн Бахирмен бірге түрікмен руларын аралауға шықты.  Мақтымқұлы мен Нури Казым Ауғанстанға, Үндістанға, артынан Кабул арқылы Өзбекстанға барып, Маргелан, Әндіжан және Самарқанға барды. Шақыру бойынша бір мезгіл Күкілтаста қалғаннан кейін сол кездің ең танымал медресесі Хивадағы Шерғазыда тағы үш жыл оқиды.  Үздік шәкірт ретінде оқушылардың халифасы болады. Ұстаздың орнына сабақ беретін.  Нури Казыммен бірге Шерғазыда осы түрікмендер үшін бөлім ашылды.  Өмірінің келесі дәуірлері туралы көп мәлімет табылмаған ақынның 1783 жылдан кейін қайтыс болғаны айтылады. Өлеңдерінде көбіне Мақтымқұлы атын, кейде Пырағы атын қолданған.  Мақтымқұлы түрікмен тайпалары арасында қанды қақтығыстар болған,  Иран шахтығы мен Хива хандығының түрікмендермен күрескен кезде елінен кеткен,  құл базарларда сатылған,  байлықтары тәркіленген халқына қиналған, өлеңдерінде халқының дерттерін тілге тиек еткен. Түрікмен бірлігін қамдау оның ең ұлы арманы болған.  18-ғасыр түрікмен тұрмысын бейнелеген өлеңдеріне қарап, сол дәуірдің әлеуметтік өміріне анализ жасауға болады.

Қоғамдық араздыққа себеп болған кейбір дін қайраткерлері мен билеушілерден, кедейлерді езген байлардан, пара алған билерден шағым – оның өлеңдеріндегі басты тақырыптар. Ағаларының тұтқынға түсіп, кеткен жерлерінде қаза болуы да оны қатты қинайды, өлеңдеріне арқау болады. Әдеби шығыс түрік тілімен бірге араб және парсы тілін білген Мақтымқұлы Низами, Сади, Әлішер Науаи және Физули секілді классикалық ақындарды оқыған.  Осыған қарамастан өзінен бұрынғы классикалық түрік әдебиеті тілімен емес,  жалпы түрікмен тілімен қарапайым өлеңдер жазған.  Осылайша түрікмен әдеби тілінің қалыптасуына және жетілуіне маңызды қызмет еткен.  Түрік әдебиетінің жетекшісі болуымен бірге нағыз түрікмен тұлғасына үлгі болғанына орай халық оны қатты жақсы көрген.

1983 жылы Түрікменстанда туғанына 250 жыл толуы үлкен іс-шаралар арқылы тойланды.  Мақтымқұлы туралы зерттеулер 1842 жылдан бері жалғасып келеді.  Мақтымқұлы Тіл және әдебиет институты Қолжазбалар бөлімінде ақынның диуанының 100-ден астам нұсқасы бар. 250 жылдығына орай 1983 жылы Ашхабадта кирилл әліпбиімен Шахмұхамед Гандымов тарапынан екі том ретінде дайындалған өлеңдер жинағы ең көп өлеңдері топтастырылған сенімді басылым ретінде қабылданады.  Айрықша Ашхабадта 1988 жылы араб әріптерімен басқа нұсқасы басылды.  Оның анықталған өлеңдерінің саны 500-ге жетеді.  Түркияда 1961 жылы «Мақтымқұлы Диуаны және жеті ғасырлық түрік поэзиясы» Хүсейін Казым Кадри тарапынан дайындалып, басылды.  Одан да ауқымдысы 1992 жылы Химмет Бирай тарапынан жазылған алғысөзбен 304 өлеңі дайындалып жарияланды. 

 

Дереккөз:

1. Abdurrahman Güzel, “Yunus Emre ve Mahtumkulu’da Ortak Motifler”, Prof. Dr. Dursun Yıldırım Armağanı, Ankara 1998, s. 66-81.

2. https://islamansiklopedisi.org.tr/mahtumkulu

3. Mahtumkulu, Divan (haz. Himmet Biray), Ankara 1992, neşredenin girişi, s. 1-30.

4. Yavuz Akpınar, “Mahdumkulu”, TDEA, VI, 111-112.



Ұқсас жаңалықтар