Шейх Галип

Өмірін түрік әлеміне арнағандар - 15

2171566
Шейх Галип

Шейх Галип

Бүгін сіздерге диуан әдебиетінің соңғы ұлы ақыны ретінде қабылданған Шейх Галип туралы айтып береміз.

**

Диуан әдебиеті – түрік мәдениетінің көркем түрінің бірі.  Қарапайым түрде айтқанда, ақындар мен олардың өлеңдері жинақталған кітаптар диуан деп аталатын.  Осы мұхит секілді ұшы-қиыры жоқ әдебиет түрі Селчук дәуірінен бастап, Заманауи дәуір деп аталған, яғни 1800 жылдар мен одан кейінге кезге дейін жалғасқан. Талай ақын жетілген осы әдебиеттің өкілдері негізінен өздері өмір сүрген дәуірдің жаршылары ретінде өте маңызды болған.

Шейх Галип міне осы Диуан әдебиетінің соңғы ұлы ақындарының бірі.  Ол 1757 жылы Стамбулда дүниеге келді. Шын аты – Мехмет Есат. Әкесі Решит эфенді сопылық білім алған. Атасы Мехмет эфенді де Мевлеви тариқатының өкілі. Ақын алғашқы білімін әкесінен алады.  Әкесінің де өлең жазғаны және Галиптің ақын ретінде өсуіне үлкен әсер еткені белгілі. Артынан Хамди атты ұстаздан араб тілінен сабақ алған. Өзіне Есат лақап атын берген. Сүлейман Нешеттен де білім алған.  Есат лақап атын басқаларының да қолданғанын көріп, Галип лақап атын қолдана бастайды.  24 жасында Диуанын жазған.  26 жасында түрік әдебиетінде месневи түрінің ең үздік мысалдарының бірі деп есептелген «Хүснү Ашк» атты туындысын жазады.  Отбасы да мевлеви болып табылатын,  өзі де мевлеви ортада өскен Шейх Галип сол тариқат шейхтерінен сабақ алады. Артынан өзі де мевлеви дәруіші болады.

Ақын 1784 жылы қылуетке кіру үшін Конияға барады.  Бірақ әкесі қылуетін Стамбулда аяқтау үшін рұқсат алғаннан кейін Галип Стамбулға оралады. Галип 1784 жылы қылуетке кіріп, 1001 күн болып, 1787 жылы «деде» атағын алады. Осы кезден бастап 30 жасында Галип Деде деп аталған. Тариқат ішінде жұмыстарымен мевлевилер арасында,  өлеңдерімен де әдебиет ортасында назар аудара бастайды.  Галипті сарайдағылар да танып,  ұнатылған тұлғаға айналады. Галип Деденің сарайға жиі шақырылуы,  падишаның өзінің де мевлевиханаға келіп,  өлеңдерін тыңдауы, оны марапаттауы сарайдың оған деген құрметінің көрсеткіші. Айрықша мевлевиханада аптасына екі күн сабақ берген Галипке бір мезгілден кейін Сұлтан Селим падиша тарапынан мевневихан тағайындау өкілеттігі беріледі. Осылайша мевлеви шейхтерінің ең жоғары мәртебесіне көтеріледі. 1799 жылы 42 жасында қайтыс болады.  Жақындарына бұл оқиға қатты батады. Оның табыстары мен адамгершілігі көзі тірісінде де,  қайтыс болғаннан кейін де ұмытылмайды.

Шейх Галиптің өлеңдері стиль жағынан «себки хинди» деп аталатын әдеби мектептің әсерінде жазылған.  Оның бір ерекшелігі де алдынғы дәуір және өз дәуірінің ақындарына ұқсамайтын,  өзіне тән стилі болуы. Барлығы 4 туындысы бар. Бұлар – Диуан, Хүснү Ашк, Шерхи жезиреи месневи және Эс-сохбетус сафие.

Осылардың ішіндегі ең маңыздысы – Хүснү ашк. Туынды Хүсн (Сұлулық) атты бір қыз бен Ашк (Махаббат) атты жігіттің махаббатын баяндайтын туынды.  Туынды 1783 жылы жазылып, 2041 жолдан тұрады.

Галиптің поэзиядағы табысы мен күші көптеген ақынға терең әсер етеді. Көзі тірісінде Есрар деде және Нейир деде секілді тұлғалар одан шабыт алып,  өлең жазған. Әсері өлімінен кейін де жалғасқан.

Замандас түрік поэзиясында Ахмет Хашим, Бехчет Нежатигил, Асаф Халет Челеби, Сезаи Каракоч және Хилми Явуз секілді ақындар Шейх Галиптің поэзиясынан пайдаланған. 

           18-ғасырдың ең атақты ақындарының бірі, диуан әдебиетінің соңғы мықтысы Шейх Галип өлеңдерінің жаңашылдығы,  өзгешелігі себебімен әдебиет күн тәртібінен еш кетпеген. Өз замандастары секілді артынан келген ақындарға да көп шабыт берген.

   

Дереккөз:

1. Muhsin KALKIŞIM. (1994). Şeyh Galib Dîvânı. Ankara.

2. https://islamansiklopedisi.org.tr/seyh-galib

3. https://www.turkedebiyati.org/seyh-galip/

4. Cafer MUM. (2012). XVIII. Yüzyıl Türk Edebiyatı. Anadolu Üniversitesi. 76-126. s.



Ұқсас жаңалықтар