Түркияның энергетикалық флоты өсіп келеді
Энергетика әлемі - 32
Түркияның энергетикалық флоты өсіп келеді
Түркия Қаратеңізден бастап, теңіз жауапкершілігі аймақтарында табиғи газ және мұнай іздеу қызметін қарқынды түрде жалғастыруда.
Қаратеңіздегі Сакария табиғи газ кен орнында Республика тарихының ең үлкен жаңалығына таңба қалдырылды. Анкара енді бұл жаңалықты құрлыққа жеткізу үшін флотын кеңейтуге дайындалуда. Флотқа бұл жолы қалқымалы газбен жұмыс істейтін платформа кемесі қосылады. Алайда бұл не бастау, не соң емес.
Түркия өзінің алғаш сейсмикалық іздеу кемесін Кипр аралының айналасындағы көмірсутегі дағдарысынан кейін сатып алуды шешті. Кипр понти әкімшілігінің Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасына қоса, халықаралық құқықты жоқ деп есептеп, 13 бөлек мұнай және табиғи газ іздеу алаңында іздестіру жұмыстарын жүргізетінін жариялауы, кейін кейбір халықаралық компаниялардың сейсмикалық зерттеу және бұрғылау кемелерінің аймаққа кіру әрекеті Анкарада үлкен мазасыздық тудырды.
Екінші жағынан іздеу жұмыстары үшін сейсмикалық зерттеу кемесі сатып алу туралы шешім қабылданды. Түрік мұнай акционерлік қоғамының құрамына 2012 жылы «Барбарос Хайреттин Паша» бұрғылау кемесі қосылды.
Теңіздің 8 шақырым астындағы геологиялық құрылымдарды зерттей алатын бір кеме. Түркияның энергетика саласындағы алғашқы қадамын естуде маңызды рөл атқарды.
Ұзындығы 84 метр, ені 17 метрлік «Барбарос Хайреттин Паша» бұрғылау кемесі сағатына 17 түйін (knot) жылдамдыққа ие. Сондай-ақ оның үстінде тікұшақ порты және тікұшақ орын алады.
Кеме Жерорта теңізінде туды желбіреткеннен кейін алғашқы сейсмикалық зерттеулерін Қаратеңізде жүргізді.
Дегенмен әрі Қаратеңіздегі әлеуетті, әрі Жерорта теңізі мен Эгейде жүргізілетін жұмыстарды ескере отырып, флотты тез арада кеңейту туралы шешім қабылданды.
«Оруч Реис» бұрғылау кемесінің ұлттық ресурстармен жасалуына 2012 жылы Тузла кеме өңдеу зауытында басталды. Кеме 2015 жылы суға енді. 2017 жылдың сәуір айында болса Жерорта теңізінде мұнай мен табиғи газды барлау жұмыстарын бастады.
Пайдалы қазбаларды зерттеу және барлау агенттігі басқаратын «Оруч Реис» бұрғылау кемесінің ұзындығы 87 метр және ені 23 метр. Теңіздің 15 шақырым тереңдігінде мұнай мен табиғи газ іздей алады. Кеме 17 түйін жылдамдыққа дейін жетеді.
Алайда сейсмикалық зерттеулер жеткіліксіз болды. Бұрғылау жұмыстарын бастау туралы шешім қабылданды. Оңтүстік Кореяда шығарылған «Фатих» бұрғылау кемесі Норвегиядан сатып алынды.
«Фатих» жоғары технологиялы кемелер үшін қолданылатын 6-шы буын деңгейіндегі бір кеме. Өз класындағы 16 кеменің ішінде әлемдегі ең жақсы 5 кеменің қатарына кіреді.
Әлемдегі ең терең аймақ болып табылатын Мариана шұңқырынан да тереңде, 12 мың 120 м тереңдікте өте жоғары қысымда теңіз бұрғылау жұмыстарын жүргізу қабилетіне ие. Өте терең бұрғылау қабілеті бар кеменің ұзындығы 229 метр және ені 36 метр.
Биіктігі 64 метрлік кеменің екі мұнарасы 1750 тонна жүк көтереді. «Фатих» бұрғылау кемесін белсенді орналастыру жүйесінің арқасында 6 метр биіктіктегі толқын ұзындығында да тұрақты жұмысын жалғастыра алады. «Фатих» бұрғылау кемесі 2018 жылы Түрік мұнай корпорациясы серіктестігі тарапынан басқарыла бастады. Алғашқы қызметін де Жерорта теңізінде жүзеге асырды. 2018 жылдың 29 қазан күні «Алания-1» атты кен орнында терең теңіз бұрғылау жұмыстарын бастады.
«Фатих» кемесі сонымен қатар Стамбул жеңісінің 567 жылдығы аясында 2020 жылы Қаратеңізде алғаш ұлттық бұрғылау жұмыстарын жүргізді. «Туна 1» кен орнындағы жұмыстар тамыз айында өз нәтижесін берді. «Фатих» бұрғылау кемесі «Туна 1» кен орнында 2 мың 100 метр тереңдікте 320 миллиард текше метр табиғи газ тапты. 1 жылдан кейін болса «Амасра 1» ұңғымасынан 135 миллиард текше метр табиғи газ тапты.
Бірінен соң бірі жаңа ұңғымалардың ашылуы және Қаратеңізден бастап, Эгей және Жерорта теңізінің әлеуетіне байланысты Түркия бұрғылау кемелерінің санын көбейтуді шешті.
2018 жылы «Явуз» бұрғылау кемесі флотқа қосылды. Кеме Испанияның Алжесирас портынан шығып, 2019 жылдың 22 ақпан күні Мәрмәр теңізіне келді. Жаңарту және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін «Явуз» бұрғылау кемесі Шығыс Жерорта теңізіндегі қызметін 2019 жылдың 20 маусым күні бастады.
«Фатих» кемесі сияқты 6-шы буын ультра терең су бұрғылау кемесі «Явуздың» ұзындығы 230 метр және ені 36 метр. Аталмыш кеме екі мұнаралы дизайнымен негізгі және қосалқы жұмыстарды бір уақытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Флотқа қосылған үшінші кеме болса «Кануни Сұлтан Селим» болды. Түркияның қажеттіліктеріне сәйкес 2012 жылы Оңтүстік Кореяда шығарылған және Бразилияда жұмыс істейтін «Сертао» атты кемені сатып алу туралы шешім қабылданды. 2020 жылы Түрік мұнай корпорациясы серіктестігі кемені өз флотына қосты. Ташуджу портына әкелінген кеменің аты «Кануни Сұлтан Сүлейман» болып өзгертілді.
Ұзындығы 227 метр, ені 42 метрлік кеме «Түркали - 2» ұңғымасында алғашқы терең ұңғыма сынағынан өтті.
2022 жылды «Абдулхамид Хан» атты бұрғылау кемесі инветарға енгізілді. Әлем бойынша 7-ші буын озық технологияға ие 5 бұрғылау кемесінің бірі «Абдулхамид Ханның» ұзындығы 238, ені 42 метр.
Техникалық жабдығы мен физикалық ерекшеліктерімен көмірсутектерді іздейтін флоттың ең үлкені болып табылатын «Абдүлхамид Хан» бұрғылау кемесі қос қауіпсіздік жүйесімен көмірсутек іздеу жұмыстарын жүргізуде. 12 мың 200 метрге дейін бұрғылау жұмысын жүргізе алады.
Түркияның энергетикалық флоты мұнымен шектелмейді. Измир Алиаға мен Хатай Дөртйолда бір-бірден қалқымалы Сұйытылған табиғи газ сақтау және қайта газдандыру терминалы флоттың ең маңызды элементтері арасында орын алады.
Сейсмикалық зерттеу, бұрғылау және сақтау кемелерінен кейін Түркия тағы маңызды бір қадам басуда.
Табиғи газды өңдеу қалқымалы платформасын өзінің энергетикалық флотына қосуға дайындалып жатыр. Жаңа кемемен жөнелтуді одан да жылдам қамтамасыз ету және өндірістік қуаттылықты арттыруды көздейді.
Аталмыш кеме арқылы шикі табиғи газды теңіздің ортасында өңдеуге болады. Оны кемеден Фильос құбырына жіберуге болады.
Сакария газ кен орнында жұмыс істейтін ені 360 метрлік қалқымалы платформа 5 миллион үй шаруашылығының энергетика қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сингапурдан жолға шыққан кеме шамамен 2 айға созылатын сапарының артынан Фильос портына келеді деп жоспарлануда.