Тіл-халықтың жаны, сәні, болмысы

Түрік тілінің байлығы-01

2159889
Тіл-халықтың жаны, сәні, болмысы

Тіл дегеніміз – қатынас құралы, экспрессивтік қызмет атқарушы таңбалардың тарихи түрде қалыптасқан жүйесі. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікірлесіп, өзара түсінісіп, оны  қатынас құралы ретінде пайдаланады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізіп, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті, болмысы деуге болады.

Осы таңда әлемде 7000-ға жуық тіл бар екені белгілі. Олардың ішінде ғасырлар бойы өнер, әдебиет, тарих, философия, техника сияқты түрлі салаларда көптеген нәтиже берген және адамдардың дамуына, ұлттардың өмір сүруіне үлес қосқан тілдер бар.

Түрік тілі —Балқан түбегінен Тынық мұхитына, Солтүстік Мұзды мұхиттан Тибетке дейінгі аралықта өте кең аумақта сөйлейтін адамдардың ана тілі. Түрік тілі Көктүрік, Ұйғыр  және Қарахан мемлекеті құрамындағы жалғыз жазба тіл ретінде өмір сүре берді. Одан кейінгі тарихи даму барысында түрік тілі де барлық тілдердегі сияқты тілдің табиғи құрылымынан туындайтын өзгерістерге,  әртүрлі географиялық таралуы және түрлі әлеуметтік-мәдени орталармен қарым-қатынасы сияқты сыртқы факторларға байланысты өзгерді. Түрік тілдері енді бір жағынан тармақтар мен диалектілерге бөлінді. Осыған қарамастан  20 ғасырға дейін жалпы түрік тіліндегі диалектілік айырмашылықтардың дәрежесі онша көп болған жоқ. Алайда бұл жағдай бүгінде айтарлықтай өзгерді.

Әлемдегі ең бай тілдердің бірі Орал-Алтай тіл тобының Алтай тілдері фамилиясында орын алатын түрік тілін әлем бойынша шамамен 250 миллион адам қолданады.Қазіргі түрік тілін түркологтар мен лингвистер географиялық және лингвистикалық ұстанымдары бойынша 6 топқа бөлінеді.Тиісінше қарастырылып отырған топтар:

-Оңтүстік-шығыс немесе қарлұқ тобы

- Солтүстік-шығыс немесе Сібір тармағы

- Оңтүстік-батыс немесе оғыз тобы

-Солтүстік-батыс немесе қыпшақ тобы

- Чуваштардың огур тармағы

- Халачтардың аргу тармағы ретінде түсіндіруге болады.

Оңтүстік-шығыс немесе қарлұқ тобы  негізінен Өзбекстан мен Шығыс Түркістанда;

Солтүстік-шығыс немесе Сібір тармағы Сібір аймағында;

Оңтүстік-батыс немесе оғыз тобы Түркия, Гагаузия, Әзербайжан, Иран, Ирак, Ауғанстан және Түрікменстанда;

Солтүстік-батыс немесе қыпшақ тобы негізінен Солтүстік Кавказ, Қырым, Татарстан, Башқұртстан, Қазақстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан және Алтайда орналасқан;

Чуваштардың огур тармағы Еділ бойында;

Халачтардың  аргу тармағы Иранда сөйлейді.

Бұлардан басқа солтүстік-шығыс немесе Сібір тармағында орналасқан сары ұйғыр түріктері мен оңтүстік-батыс немесе оғыз тобындағы салар түріктері Қытайдың батыс аймағында; Солтүстік-Шығыс немесе Сібір тармағында орналасқан фу - ю түрік тілі Маньчжурияда әлі жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар