Түрік республикаларындағы соңғы  жаңалықтар

Еуразия күн тәртібі –27

2159720
Түрік республикаларындағы соңғы  жаңалықтар

2024 жылғы 23-26 маусымда Моңғолия Президенті Ухнагийн Хурэлсух Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапарымен барды. Ташкентте екі ел президенттері жеке және делегация аралық кездесулер өткізді. Келіссөздер нәтижесінде Өзбекстан мен Моңғолия арасында 14 келісімге қол қойылды. Сапар аясында Моңғолияның Ташкент елшілігінің ашылу салтанаты өтті. Президенттер екі елдің жетекші бизнесмендерімен кездесу өткізіп, Ташкенттегі технопаркты аралады.

***

2024 жылғы 24-25 маусымда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігінде болды. Президент Садыр Жапаров Брюссельде Бельгия Королі Филипппин және Еуропалық Одақ Кеңесінің төрағасы Шарль Мишельмен кездесті. Келіссөздерден кейін Қырғызстан мен Еуропалық Одақ арасында Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

***

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25 маусымда Мальтаның Сыртқы істер, сауда және Еуропалық одақ министрі Ян Боргты қабылдады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының президенті болып табылатын Борг президент Тоқаевпен кездесуінде Қазақстан-Еуропа Одағы және Қазақстан-Мальта ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

***

Мальта Сыртқы істер, сауда және Еуропалық Одақ министрі Ян Боргты 2024 жылғы 27 маусымда Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қабылдады. Кездесу барысында шекара мәселелері, халықаралық қылмыспен күрес және электронды сауда сынды тақырыптар талқыланды.

***

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2024 жылғы 28 маусымда Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевті қабылдады. Кездесу барысында Түрік Мемлекеттері Ұйымының жұмысы және Әзербайжанда өтетін бейресми Түрік Мемлекеттері Ұйымы   саммиті талқыланды.

***

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерреш 2024 жылдың 30 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Орталық Азия елдерін аралайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Гутерреш алғаш рет Өзбекстанға барды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Антониу Гутеррешті қабылдады. Бас хатшы Гутерреш 4 шілдеде Қазақстанда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне де қатысады.

***

2024 жылғы 26-27 маусымда Түркия Республикасының Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Түрікменстан мен Өзбекстанға сапармен барды. Қорғаныс министрі Яшар Гүлер түрікмен әріптесі Бегенч Гүндогдуев және өзбек әріптесі Бахадыр Курбановпен кездесті. Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев министр Гүлерді қабылдады. Кездесулер барысында аймақтық қауіпсіздік және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

***

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 2024 жылғы 26 маусымда Италия Республикасының Қорғаныс министрі Гидо Кросеттоны қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Президент Әлиев Италия жасаған және Әзербайжанға жеткізілген «C-27J Spartan» әскери ұшағын қарап шықты.

***

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ұлттық жиналысты таратып, 2024 жылдың 28 маусымында кезектен тыс сайлауды жариялады. Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің жалпы сайлауы 2024 жылдың 1 қыркүйегінде өтеді.



Ұқсас жаңалықтар