Сириядағы заңсыз сайлау әрекетінің себебі неде?

Энергетика әлемі – 27

2157606
Сириядағы заңсыз сайлау әрекетінің себебі неде?

Террор ұйымы PKK/YPG Сирияның солтүстігінде басып алған жерлерде жергілікті сайлау өткізу үшін іске кірісті. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына да, халықаралық құқыққа да сәйкес келмейтін бұл бастамаға Түркия өте қатал жауап қайтарды.

Түркияның аймақта террор мемлекетінің құрылуына рұқсат бермейтіні туралы ескертулерінен кейін АҚШ қолдау берген террор ұйымы аталған сайлауды екі рет кейінге шегеруге мәжбүр болды. Сайлау деп аталатын шараның 18 тамыз күні өтетіні жарияланғанымен, Түркияның айқын ұстанымы себепті ешқандай заңсыз сайлау әрекеті күтілмейді.

Оның үстіне бұл бастамаға Сирия ұлттық коалициясының серіктестерінің бірі Сирия Күрд ұлттық кеңесі мен аймақтағы тайпалар да қарсы шығуда.

АҚШ қолдау көрсеткен террор ұйымы аймақта неліктен заңсыз жолмен заңдылығын қамтамасыз етуге тырысуда?

Мұның ең маңызды себептерінің бірі – Сирияның энергетика көздерін заңдастыру арқылы бақылауда ұстау.

Сирия аймақтағы Иран және Ирак сияқты елдермен салыстырылатындай болмағанымен едеуір мұнай мен табиғи газ ресурстарына ие. 2011 жылы басталған азаматтық соғысқа дейін өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болған Сирия режимі соғыстың жойқын салдары, террор ұйымдары және елдегі мемлекеттік емес қарулы күштердің аймақтық үстемдігі салдарынан энергетика ресурстарының көпшілігінің бақылауынан айырылды. Тағы Евфрат өзеніндегі ауылшаруашылық алаңдары мен су бөгеттері де террор ұйымдарының қолына өтті.

Сирияның мұнай қорының 2,5 миллиард баррель екені болжалуда. Азаматтық соғысқа дейін Сирия жыл сайын орта есеппен 9 миллиард текше метр табиғи газ өндіретін.

ДАИШ лаңкестік ұйымы елге ықпал ете бастаған 2013 жылдың ортасынан бастап, энергетика салалары бойынша ілгерілеу стратегиясын ұстанды. 2016 жылы PKK/YPG террор ұйымы АҚШ-тың да қолдауымен бұл аймақтың басым бөлігін бақылауға алды.

Саясат, экономика және әлеуметтік зерттеулер қорының (SETA) «Сириядағы табиғи ресурстарға қарсы соғыс» тақырыбымен дайындаған есебіне қарағанда террор ұйымы PKK/YPG басып алған аймақта орналасқан Әл-Омар аймағы елдегі ең үлкен мұнай кеніші болып табылады. Тағы да басып алынған Дейр-эз-Зор аймағы болса мұнай кен орындарына бай, елдің маңызды табиғи ресурстары орналасқан аймақтардың бірі.

Дейр-эз-Зордың шығысындағы мұнай кен орындарының өзі елдің барлық энергетикалық ресурстарының 30 пайыздан астамын құрайды.

Хабарға қарағанда PKK/YPG террор ұйымының елдің энергетика көздерінің төрттен үш бөлігінің бақылауында екені атап көрсетілді. АҚШ әкімшілігінің қолдауына ие болған PKK/YPG-нің осы кен орындарынан шамамен 1,1 миллиард доллар мұнай табысы түсіргені болжануда.

Террор ұйымы PKK/YPG мен режим Хасекедегі мұнай ұңғымаларын бірлесіп бақылауда. Мұнай өндірісі жалғасып жатқан Рүмейлан, Сүвейдие және Карачок кен орындарындағы шамамен 350 шағын ұңғымадан күніне 30-35 мың баррель мұнай өндіріледі.

Террор ұйымы Сирияның ең үлкен табиғи газ нысаны Коноконы да басып алды. Бұл аймақта жыл сайын шамамен 1,4 миллиард текше метр табиғи газ өндіргені болжалуда.

Террор ұйымы PKK/YPG АҚШ-тың әскери қолдауымен елдегі маңызды су бөгеттерін бақылауға алып отыр.



Ұқсас жаңалықтар