Cтамбулда құстар қонбайтын мешіт бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 65

2068978
Cтамбулда құстар қонбайтын мешіт бар екенін білетін бе едіңіз?

Cтамбулда құстар қонбайтын мешіт бар екенін білетін бе едіңіз?

Стамбулдың Үскүдар ауданында орналасқан Шемси Паша мешіті әлемге әйгілі Мимар Синанның шеберлік туындыларының бірі болып табылады. Үскүдар жағалауында, Босфор бұғазының Мәрмәр теңізіне ашылатын жерінде орналасқан бұл мешіт қабірі және медресесімен теңізден қарағанда өте тамаша көрінеді. Алдында Галата көпірі мен Галич (Алтын мүйіз) орын алады.

Өте шағын және қарапайым ғимарат болып табылатын әлеуметтік кешен II. Селим және III. Мұрад тұсында уәзір болған Шемси Ахмет паша 1580 жылы Мимар Синанға салдырған. Үскүдар жағалауын безендірген тарихи мешіт көркемдігіне қоса қызықты оқиғасымен де танымал.

Өте ұқыпты адам Шемси Паша Мимар Синаннан құстар қона алмайтын немесе ластамайтын бір мешіт салуды сұрайды. Өзі салған әр мешітте басқа жоспарды жүзеге асырған Мимар Синан Шемси паша мешіті үшін де басқа жоспарды қарастырды. Мешіт салынар алдында зерттеу жұмыстарын жүргізген шебер сәулетші құстарға желдің бағыты әсер ететінін біліп, Үскүдардан солтүстік пен оңтүстіктен соғатын желдер қиылысатын жер тауып, мешітті сол жерге салуды ұйғарады. Сондай-ақ екі түрлі желдің қатар соғып, толқыны жағаға соққан бұл жерде құстардың мешітке қонуы мүмкін емес.

1580 жылы құлшылыққа ашылған бұл мешіт уақыт өте келе жұртшылық арасында «Кушконмаз мешіті» деп атала бастады. Адамдар Босфор бұғазының алдында балық аулап, кітапханасында кітап оқылатын, мешітінде ғибадат ететін бұл тамаша туынды. Үскүдардың белгілерінің бірі және Стамбулдағы тарихи мешіттер арасында міндетті түрде көруге тиісті орындардың бірі.



Ұқсас жаңалықтар