Ескишехир сепиолит тасы
Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 63

Түркияның Ішкі Анадолы аймағындағы Ескишехир қаласымен астасып кеткен сепиолит тасы Ескишехир Өнеркәсіп палатасының өтінішіне орай 1999 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері арасына қосылды. Түрік тілінде лүлетасы деп аталатын, жалпы ақ түсті болып келетін тас минерал түрі. Оның сұр түсі сирек кездеседі. Құрылымына байланысты қолмен өңдеу оңай, сондықтан сепиолит әшекей бұйымдарын жасауда кеңінен қолданылады. Түрлі мүсіндер, моншақ, білезік және таспиық жасауда қолданылатын осы тас түрі өңделместен бұрын экономикалық құндылығын айқындау үшін бірсыпыра процедурадан өтеді. Артынан 11 түрлі техника қолданылып өңделгеннен кейін шеберлердің қолына жетеді. Шеберлер оларды бұйым жасау үшін бір-бірлеп өңдейді. Тастың салмағы жеңіл. Ол ақ түсі, отқа төзімді болуы, су және никотинді сіңірмеуі себебімен көптеген салада қолданылады.