Израильдің шабуылдаушы ұстанымы Таяу Шығыс геосаясатын қайта құруда
Апталық Анализ – 62

8000-нан астам адам қаза тапқан Израильдің Газа секторында жалғасып жатқан шабуыл Таяу Шығыс геосаясатында үлкен бетбұрыс жасау мүмкіндігіне ие. Израильдің құрлықтағы шабуылы Израиль мен «Хамас» арасындағы қақтығыстың Газа секторынан тыс аймақтарға да тарайтынын көрсететін бірқатар белгілер бар. Тарихи тұрғыдан бұл қақтығыстар қазірге дейін таныс бір модель бойынша жалғасып келді. «Хамас» Израильге шабуылдайтын, Газа секторына Израиль әуе шабуылдарын жасайтын кейін атысты тоқтату қамтамасыз етіліп, қайтадан кво-статус қалпына келтірілетін. Бірақ бұл жолы 7 қазан күнінен кейін болған оқиғалар таныс модельден ауытқый бастағанын көрсетеді. Израиль Газаның ең болмағанда солтүстік бөлігінде тұрақты түрде орналасқысы және осылайша кво-статусын көрсеткісі келеді.
Израильде шабуылдардан туындаған қауіпсіздік дағдарысы негізінен «Хамас»-ты болжай алмағаны себепті тереңдей түсті. Израиль армиясының бақылауын 24 сағатқа кешіктіруі олардың дайынсыздығын әшкереледі. Оның үстіне 7 қазан күнгі шабуылдар Израильді төтеп беруі өте қиын онтологиялық қауіпсіздік дағдарысына ұшыратты. Нәтижесінде Израильдің палестиналық және аймақтық актерлерінің тежеу қабілеті айтарлықтай төмендеді. Израильдің қауіпсіздік саясаты мен аймақтық іс-әрекеті өзгерістерге ұшырауы және потенциалды түрде Таяу Шығыста үлкен оқиғаларға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарға сапары кезінде атап өткендей, бұл қауіпсіздік дағдарысы не Палестина қақтығысын шешу арқылы жаңа аймақтық бейбітшілікке әкеледі, не болмаса кең аймақтық қақтығысқа айналуы мүмкін. Бейбітшілік қазір алыстай көрінгенімен, аймақтық тұрақсыздық күшейе түсуі әбден ықтимал.
Бұл процестің бағыты Израильдің «Хамас»-ты бейтараптандыру мақсатына жетудегі табысына және таңдаған әдісіне байланысты. Шешім жолы Израильдің «Хамас»-қа қарсы құрлық операциясын, кейін Газаның солтүстігін басып алуды және оккупациядан кейінгі әкімшілікті құруды қамтиды. Көптеген қиындықтар бар. Өйткені Израиль жағында нақты жоспар жоқ. АҚШ-тың Израильге қысымының артуы және Газадағы «Хамас»-тың қарсылығы бұл мақсатқа кедергі келтіреді. Израильдің әскери күшті шексіз қолдануы мен жаппай жазалау қимылдары халықаралық сынға ұшырауда және кеңейтілген құрлық операциясы Израиль үшін үлкен қауіпсіздік пен қиындықтар туғызуда.
Құрлық операциясының Израиль мен Газа секторынан асып, АҚШ пен Израильді шектейді. Ливан «Хизбуллах» қозғалысының қақтығысқа араласуы және Сирия мен Ирактағы әртүрлі қарулы топтардың АҚШ әскерлерін нысанаға алуы АҚШ-ты қақтығысқа тартып, ауқымын кеңейтуі мүмкін.
Израильдің Газа секторына шабуылдаушы ұстанымы Таяу Шығыстағы геосаясаттағы шиеленісті күшейтіп, жалғасып жатқан қалыпқа келтіру үдерісін тоқтатуы немесе жоюы мүмкін. Түркияның Израильге деген көзқарасы Президент Режеп Тайып Ердоған Израильді қатты сынға алған соң өзгерді. Сонымен бірге Ердоған Түркияның түрлі шараларды қабылдауға дайын екенін атап көрсетті. Түркияның шиеленісті шешуге бағытталған аймақтық дипломатияға белсенді қатысуына қарамастан, Израильдің белгіленген мақсаттарына қол жеткізбейінше атысты тоқтатуға ұмтылмайтыны анық. Осы жағдайды ескере отырып, Израиль мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үдерісі уақытша болса да, тоқтап қалды деп болжауға болады.
Израиль-Иран дұшпандығының өршу мүмкіндігі де маңызды. Америка Құрама Штаттары Иранмен тікелей қақтығыстардан аулақ болғанымен, Иран қолдайтын топтардың Ирак пен Сириядағы АҚШ-тың әскерлерін бағытталған шабуылдар бұл ұстанымды өзгертуі мүмкін. Израиль Ливан мен Сирия арқылы жанама түрде Иранның ықпалына қарсы тұру әрекеттерін күшейтуі мүмкін. Шығанақ елдерінде Иранмен жақындасу түсінігі азайып келеді және Шығанақ-Иран жақындасуында бір үміт болғаны байқалады.
Израильдің шабуылдаушы ұстанымы Палестина мәселесіне әсер етуі және Израиль 7 қазан күнінен кейінгі қауіпсіздік пен сыртқы саясат көзқарасында екі мемлекет шешімінен бас тартып, Палестина мәселесін шеттетуі мүмкін.
Бұл маргиналдық бәлкім Израильді оқшаулап, «Ибрахим келісімдері» мен аймақтық одақтастықты тиімсіз етіп, Араб-Израиль шиеленістерін қайта жандандырар. Палестина мәселесін елемеу және екі мемлекетті шешімді тоқтату аймақтық радикалдануды және ықтимал жаһандық салдарды ынталандыруы мүмкін.
Осы рисктерді ескере отырып, Таяу Шығыстың аймақтық қауіпсіздік ортасының 7 қазаннан кейін одан бәсекелес бола түсетіні анық. Израильдің Газада жалғасып жатқан құрлық операциясы бұл бәсекелестік ортаны қақтығысты бір ортаға айналдырып, Израильдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндіре алады. Мұндай қауіпсіздік жағдайында Израильдің өзін қауіпсіз сезінуі мүмкін емес. Израильдің шабуылдаушы ұстанымын шектейтін бір атысты тоқтатуды жедел түрде жариялау керек.