Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі маңызды оқиғалар

Еуразия күн тәртібі – 60-2023

2053773
Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі маңызды оқиғалар

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі маңызды оқиғаларға тоқталамыз.

2023 жылы 9 қазанда Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының уақытша төрағасы Буяр Османиді қабылдады. Кездесу барысында Түрікменстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастығы тақырыбы талқыланды.

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 2023 жылғы 10-11 қазанда Түрікменстанға ресми сапармен барды. Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов министр Фиданды қабылдады. Кездесуден кейін президент Бердімұхамедовтың жақын арада Түркияға келетіні білдірілді.

2023 жылы 1 қазанда Бакуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Ұлттық Барлау мекемелерінің 53-ші отырысы өтті. Кездесуде аймақтық қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жиналыс үшін Бакуге барған барлау мекемелерінің басшыларын қабылдады.
2023 жылғы 12 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Цифрлық көпір-2023» халықаралық форумының беташарына қатысты. Форумға 30 елден 20 мыңнан астам өкіл қатысты. Форумда информатика саласындағы инновациялар талқыланды. Сол күні Президент Тоқаев форум аясында ұйымдастырылған халықаралық цифрлық көпір технологиялары жәрмеңкесін аралады. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық компаниялардың, соның ішінде «SpaceX» және «Tik Tok» басшыларын жеке-жеке қабылдады.

2023 жылғы 12 қазанда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қырғызстанға ресми сапармен барды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Владимир Путиннің кездесуінен кейін екі ел арасында 7 келісімге қол қойылды. Президенттер баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады. Қырғызстанның әуе қауіпсіздігінің Ресей тарапынан қорғалатыны туралы келісімнің бекітілгені білдірілді.

2023 жылы 13 қазанда Бішкекте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы саммиті өтті. Саммитке Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттері қатысты. Армения премьер-министрі Никол Пашинян саммит алдында президент Садыр Жапаровқа телефон шалып, кездесуге қатыспайтынын хабарлады. 13 қазанда Армения президенті Ваган Хачатурян Рим мәртебесін мақұлдауға байланысты заңға қол қойды.

Бішкекте ұйымдастырылған саммит аясында көптеген екіжақты кездесулер өтті. Өткен айда АҚШ пен Германияның Орталық Азия елдерімен жоғары деңгейдегі саммиттер өткізуі және Арменияның Ресейден алыстауы сияқты факторлар Кремльді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде тіпті белсенді болуға итермеледі.

2023 жылдың 12 қазанында Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Грузияға ресми сапармен барды. Виктор Орбан мен Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Грузияның Еуроодақ үдерісін, Венгрия-Грузия қарым-қатынасын және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев апта соңындағы демалыс күндері Грузияға барды.

2023 жылғы 13 қазанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерсін Татар Әзербайжанға ресми сапармен барды. Дәл осы күні Бакуде Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мәдениет және таныту күндерінің беташары өтті. 14 қазанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен президент Татар Бакуде кездесті.



Ұқсас жаңалықтар