Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі маңызды оқиғалар
Еуразия күн тәртібі – 57-2023

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі маңызды оқиғаларға тоқталамыз.
Өткен апта Нью-Йорк қаласы әлем саясатының басты оқиғаларына сахна болды. Түркі Республикаларының лидерлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясына қатысу және екі жақтылы кездеулер өткізу мақсатымен Америка Құрама Штаттарына барды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған және Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында баяндама жасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінде БҰҰ Бас Ассамблеясында реформа жасалуы керектігін атап өтті. Түркі Республикасы лидерлерінің АҚШ-тағы күн тәртібінде экономика басты орынға шықты. Президенттер халықаралық компаниялардың, халықаралық банктердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Президент Мирзиеевпен кездесуінен кейін АҚШ-тың «Air Products» компаниясы Өзбекстанға 10 миллиард долларлық инвестиция салатынын жариялады. Президенттер АҚШ компанияларында зерттеу жүргізді.
21 қыркүйекте Нью-Йоркта Орталық Азия-АҚШ президенттерінің бірінші саммиті ұйымдастырылды. Саммитке АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттері қатысты және Орталық Азия Республикаларына байланысты тақырыптар талқыланды. Орталық Азия Республикаларының әлемдегі басты елдермен бірге қалыптастырған «C5+1» үлгісіндегі кездесулері президенттер саммиті арқылы іске аса бастады. Орталық Азия Республикаларының президенттері 29 қыркүйекте Берлинде Орталық Азия-Германия саммитіне қатысады.
Сол күні Нью-Йорктағы Түрік үйінде Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше және бақылаушы елдердің Сыртқы істер министрлері бас қосты. Жиналыста қараша айында Қазақстанда өтетін Түрік Мемлекеттері Ұйымы саммитіне жасалатын дайындықтар қолға алынды.
2023 жылы 19 қыркүйекте Сеулде 1-ші Орталық Азия-Оңтүстік Корея Мәжіліс төрағалары жиналысы өтті. Жиналысқа аталған елдердің Мәжіліс төрағалары қатысты. Жиналыс соңында ортақ хаттама қабылданды. Мәжіліс төрағаларының 2-ші жиналысы 2024 жылы Түрікменстанда өткізіледі. Сонымен бірге Нью-Йоркта Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл Орталық Азия Республикаларының барлық президенттерімен екіжақты кездесу өткізді.
2023 жылы 21 қыркүйекте Бішкекте 1-ші Түркі Тілдес халықтардың Халықаралық тіл форумы ұйымдастырылды. Форумға Түріксой, Халықаралық Түрік академиясы, Халықаралық Түрік мәдениет және мұра қоры Бас хатшылары, Түркі Республикаларының өкілдері қатысты. Еске сала кетейік, Қырғызстанда 23 қыркүйек «Қырғыз тілі күні» ретінде тойлануда.
Қарабахта дағдарыстың артуына орай Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Нью-Йоркке бармады. Әзербайжанның 19 қыркүйекте Қарабахта бастаған Террорге қарсы операциясы арқылы Қарабахтағы қарулы қарақшылар қаруларын тастады. Қарабахтағы армяндардың интеграциясына байланысты Евлахта өкілдермен кездесулер басталды. Еуропа Одағының Әзербайжанға қарсы мәлімдемесін Венгрия вето етті.
Оқиғалардан байқалғанындай, Түркі Республикаларының лидерлері өткен аптаны қарбалас өткізді. Әзербайжанның Қарабахта бастаған Террорге қарсы операциясы аймақта бейбітшіліктің жалғасуына қызмет етеді.