ЮНЕСКО-дан шақыру: Мектептерде смарт телефондарға тыйым салу керек
Ең қызықты деректер - 50
ЮНЕСКО-дан шақыру: Мектептерде смарт телефондарға тыйым салу керек
ЮНЕСКО тарапынан 18 жылдан бері жарияланып келе жатқан Жаһандық білім беру есебінде биыл «ұялы телефонға тыйым» орын алды
**
ЮНЕСКО-ның есебіне қарағанда, ұялы телефонды көп қолдану білім алумен тікелей байланысты. Неше сағатқа созылатын ашық экран мерзімі балалардың эммоционалды тұрақтылығына нашар әсер ететініне қатысты айғақтар бар. ЮНЕСКО смарт-телефондардың мектепте тыйым салынуын ұсынады.
Есепте цифрлық технологияның әрқашан «білім берудің адамға шоғырланатын көзқараста» болуы және мұғалімдермен бетпе-бет қарым-қатынасты ешқашан алмастырмауы керек екендігі атап өтіледі.
«Цифрлық революцияның өлшеусіз әлеуеті бар, бірақ оның қоғамда қалай реттелуі керектігі туралы айтылған ескертулер білім беруде қолдану тәсілінде де айтылуы керек», - деді ЮНЕСКО Бас директоры Одри Азуле.
Елдердің 14 пайызының смарт-телефондарға тыйым салатын саясаттары бар
ЮНЕСКО-ның жаһандық телефон тыйымы туралы ұсынысы қазір көптеген елде іске асырылуда. Франция 2018 жылы мектепте смарт-телефонға тыйым салған алғашқы ел болды. Гвинея 2021 жылы осындай саясат ұстанды. Латвия, Мексика, Португалия, Испания, Швейцария және Америка Құрама Штаттары, Канада және Шотландияда да толық немесе ішінара тыйым келтірілді.
**
Бангладеш басқаша әдіс қолданды. 2011 жылы сыныптарда оқушылардың орнына мұғалімдерге ұялы телефон қолдануға тыйым салды. 2017 жылы болса әрі оқушылардың, әрі мұғалімдердің ұялы телефонды сыныпқа алып кіруіне тыйым салынды.
Тәжікстандағы білім заңының 25-ші бабына орай бастауыш және орта мектептерде оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салынды. Өзбекстанда мектепке кірерде барлық жиһаздардың өшірілуі шарты келтірілді.
2024 жылы мектепте смарт-телефонға тыйым салатын елдер арасына Финляндия мен Нидерланды да қосылады.
Смарт жиһаз қолдану адамның перформансын төмендетеді
PISA Халықаралық оқушы рейтінгі бағдарламасы секілді ауқымды және халықаралық мекемелерден алынған деректерді қолданған зерттеулер смарт-телефондарға тәуелділіктің көбіне азайған ғылыми перформанспен байланысы бар екенін көрсетті. Бельгия, Испания және Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулер ұялы телефондардың мектепте тыйым салынуының әсіресе үлгерімі нашар оқушылардың үлгерімін арттырғанын да көрсетті.
Түркиядағы мектептерде смарт-телефон тыйымына мұғалімдер кеңесі шешім береді
Түркияда болса 2019 жылы Ресми газетте жарияланған шешіммен Білім беру министрлігі орта деңгейдегі білім беру мекемелерінің жарғысының көптеген бабы өзгертілді.
Осылардың оқушылар үшін ең назар аударатыны ұялы телефон тыйымы болды.
Жарғыға сай аудио және көрініс түсіретін ерекшелігі бар ұялы телефон, камера, планшет, компьютер, смарт-сағат және осындай құралдарды қолданып қолданбау шешімі мектеп басшылығына берілді.
Сабақ барысында ұялы телефон қолданып қолдандырмау шешімін болса мұғалімдер кеңесі береді.