Табиғи сұлулықтарымен Бартын
Капитанның борт журналы - 24

Табиғи сұлулықтарымен Бартын
«Жиһангездің» жаңа жерлер көруді, сол жерлердің тарихын, табиғатын білуді ұнататын жолаушылар. Қайығымызға қош келдіңіздер. Бартынның жағалауын аралап бастап, барлығына үлгермеген едік. Осы апта сапарымызды жалғастырамыз.
Бүгінгі сапарымызды табиғат кереметінен бастаймыз. Қаратеңіздің тентек толқындары қалыптастырған бір жерге барамыз. Бұл жер – Деликли Шиле. Мыңдаған жыл бойы тентек толқындар жағалаудағы осы жартасқа соғып, ортасындағы тесікті ашқан. Бұл жер ежелгі дәуірлерден бері назар аударады және ол туралы түрлі аңыздар айтылған. Осы табиғат кереметін жақыннан көру үшін бағытымызды өзгертеміз. Қазір аппақ көбік толқындарының жартасқа соққан сәтін немесе күннің батуын суретке түсіріп алғысы келетіндерді, бөктер парашютімен ұшқандарды немесе Деликли Шиледе теңізде жүзіп жүргендерді көресіз.
Осы жерден Амасраның ең тамаша құмдығы Чакразға барамыз. Чакраз – ыстық ауаны ұнатпайтындар және қалың адамнан алыс болғысы келетіндер таңдайтын жер. Тап-таза, көгілдір суы және құмымен тыныш демалыс іздейтіндердің мекені. Ежелгі дәуірлерден бері маңызды портты қала болған Амасраға өте жақын. Амасраның тарихы 3 мың жылдан асады. Табиғи порттары себебімен бұл жерде финикеліктер колония қалыптастырған және сауда істерімен айналысқан. Страбонның айтуынша, патшайым Амастрис төрт қаланы бірлестіріп, өз атын берген осы қаланы құрады. Амасра патшайым Амастрис кезінде ең көркем уақытын бастан кешіреді. Артынан да түрлі дәуірлердің іздері көрінетін бір мекен болған.
Рим Империясы кезінде әзіздердің бірі Амасраны көргенде қатты ұнатады және қала туралы «әлемнің көзі» деген сөзді қолданады. Ғасырлардан кейін қаланың тамаша сұлулығына қайран қалған Фатих Сұлтан Мехмет ханның да Амасра турады «әлемнің көзі» дегені айтылады. Портта тоқталық және осы керемет қаланы қыдыруға шығалық. Амасраны үстінде адам кем болмайтын толқынкескісін көрумен басталық, қалай қарайсыз?
Енді қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын Амасра қамалына шығамыз. ЮНЕСКО Әлемдік мұрасының уақытша тізімінде орын алған осы қамал Рим дәуірінен бастап белсенді түрде қолданылған. Қаланың екі жағасын қосып тұрған Кемере көпірі болса Амасраға келгендер міндетті түрде көріп кететін су ғимараты. Көпір әрі Византия дәуірінен қалған тарихымен назар аударады, әрі Жылайтын ағашқа бару үшін осы жерден өту керек. Ағаштар та жылай ма немесе бұл есім неге берілген деп сұрап отырған боларсыз. Үш ғасырдан да кәрі осы кипарис ағашы өз бойына жинаған ылғалды көктем айларында сыртқа жібереді. Жапырақтары мен бұтақтарынан су ағады. Міне, сондықтан оны «жылайтын ағаш» деп атап кеткен. Бұл негізінде табиғи құбылыс, бірақ адамдар осы жерді әрі ағашы, әрі қарсы жақтағы Тавшан аралын көру үшін келеді.
Амасрадан кетпестен бұрын Анадолыдағы жалғыз жол ескерткіші ретінде танымал Кушкаясы жол мемориалына апарғым келеді сіздерді. Кушкаясы жол мемориалына тік және ұзын сатымен баруға болады. Өкінішке орай басқа таңдау жоқ. Бізді қиын өрмелеу күтіп тұр. Бірақ асықпай жайымен көтерілеміз. Екі мың жылдан асқан осы алпауыт ескерткіш Рим дәуірінен қалған, Түркиядағы ең оригинал мемориалдардың бірі. Бір жартас үстіне ойылған ескерткіште жазулар, адам және бүркіт суреттері орын алған.
Амасрадағы сапарымызды аяқтап, қайығымызды алатын уақыт келіп жетті. Бүгінгі соңғы аялдамамыз Гүзелжехисар шығанағына қарай жол тарталық. Суретке түсіруге дайын болыңыз, себебі алдымызға керемет панорама шығады, міне, қараңыз, шығанақты қоршап тұрған алпауыт қабырға көріне бастады. Негізінде бұл қабырға емес. Бұлар шамамен сексен миллион жылдық лава бағаналары. Әлемде тек бірнеше жерде ғана кездеседі. Бартындағы Гүзелжехисар лава бағаналары «табиғат ескерткіші» деп жарияланған. Лава бағаналары үшін панорама тамашалайтын терасса бар, бірақ оларды теңізден тамашалау жақсы. Қайықта болудың артықшылығын сезініңіз және жер шарымыздың сексен миллион жылдық кезеңіне куә болған осы жердің суретін түсіріңіз.
Енді жағалауға жақындаймын және Гүзелжихисар шығанағындағы генуэздықтар дәуірінен қалған қамалды көреміз. Кейбір жерлері әлі құламай тұрған осы қамалда күннің батуын тамашалаймыз. Осылайша бүгінгі сапарымызды аяқтаймыз.