Мұздықтардың еруі жанамалы түрде орман өрттерін арттырады
Ең қызықты деректер - 47

Мұздықтардың еруі жанамалы түрде орман өрттерін арттырады
Мамандар климат өзгерісі себебімен полюстердегі мұздықтардың еруінің жаһандық жылынуды одан сайын арттырып, ерекше ауа құбылыстары мен қрғақшылықтың орман өрттерін көбейтетінін айтып ескерту жасады.
**
Күн сәулелерінің шамамен 80 пайызын шағылыстырып, әлемнің асыра жылынуының алдын алатын полюс мұздықтарының жыл сайын одан сайын көп еруі гидрометеорологиялық теңгерімге әсер етеді. Ерекше ауа құбылыстарының саны мен жиілігі артады. Температураның көтерілуі, құрғақшылық, жауын жүйесіндегі өзгеріс пен құрғататын қатты жел түріндегі осы ауа құбылыстары болса орман өрттерінің артуында басты себеп.
Бұғазіші Университеті Климат өзгерісі және саясаттары орталығының атқару комитеті басшысы Проф. Др. Мурат Түркеш полюс, құрлық мұздықтары, мұздық қалқандары және теңіз мұздықтары мен биік тауларындағы мұздықтардан тұратын мұздың климат жүйесін қалыптастыратын факторлардың бірі екенін айтты. Мұздықтардың жалғасу үшін қар жаууы, жауған қардың жерде бір мезгіл қалуын және таулардың шыңындағы мұздықтардың төңірегінде болуын қамдайтын климаттың болуы керектігін баяндаған Түркеш былай жалғастырды: «Мәселе осы жерден шығады. Соңғы 50 жылда әлемнің көптеген аймағында мұздықтар азайып барады. Себебі климат ысынуда. Қар жауу азаюда. Қар жауса да ауа температурасы артқандықтан жылдап еріп кетеді. Мұздықтарға әсері жоқ. Түркияда да жағдай осындай. Мұздықтар жылдам еруін жалғастыратын болса, алдымыздағы ғасырда полюстер жылынады. Толығымен еріген бір Жер шары бүгінгі күннен 10 сантиград дәреже ыстық болады. Бұл Түркияда тропикалды, өте ыстық, құрғақ шарттар ықпалды болады деген мағынаға келеді»
Проф. Түркеш температура және құрғақшылық егіншілік шаруашылығында маңызды дағдарысқа, егін тиімділігінің жылдам азаюына, су көздерінің азаюына және орман өрттерінің артуына жол ашатынын білдірді. Ол алдағы уақытта өрт рискінің мерзімінің көктемнің ортасынан күздің ортасына дейін созылатынын айтып, ескерту жасады.
Үлкен орман өрттерінің он мыңдаған жылда қалыптасқан тіршілік атмосферасын бұзғанын меңзеген Түркеш былай деді: «Ормандар көміртекті сіңіргіш, сонымен бірге өртенгенде атмосфераға көмірқышқыл газы тарайды. Айырықша орманның жоғалуы су көздерінің азаюы деген мағынаға келеді. Ыстық, буға айналу жылдам болатын, гидроликалық айналым артқан бір әлемде апат, сел, су тасқыны және топырақ көшкіндеріне жол ашылады. Қатты жауын болады. Егер климат өзгерісінің алды алынбаса бүгін басталған жағымсыз құбылыстар жылдамдап, ғасырдың аяғына қарай жана сценарийді көреміз»
«Алдымыздағы он жылда қатты құрғақшылық болуы мүмкін»
Стамбул Университеті Джеррахпаша Орман факультеті Орман инженериясы кафедрасының оқытушысы Проф. Др. Юсуф Серенгил болса полюс мұздықтарының орман өрттеріне тікелей әсері болмаса да, жыл маусымдарына әсері бар екенін айтты. Температура артқандықтан буға айналу процесінің де артатынын меңзеген профессор «Сондықтан құрғақ маусым болады. Құрғақшылықта жалпы буға айналу артады. Жазда температураның көтерілуі тек орман өрті ғана емес, жылғалардың да кеуіп кетуі деген мағынаға келед» деді.
Орман өрттерінің қалыптасуында климат өзгерісінің маңызды фактор екеніне назар аударған Проф. Серенгил «Өрт маусымы бізде мамыр айының аяғында басталады және қыркүйек айына дейін жалғасады. Қыс айларының жылы өтуі біз үшін өрт сезонын кеңейтеді. Яғни өртенетін жер құрғақ болады. Өрт маусымы сондықтан мамыр айының басынан қазан айына дейін созылды» деді.
Серенгил полюс мұздықтарының еруі нәтижесінде одан да көп судың жүйеге қосылғанын, күннен келген энергиямен жүйенің қарқынының артқанын, буға айналу жүйесінің жылдамдағанын, сондықтан қысқа уақытта қатты жаңбыр жауу ықтималының да көбейгенін айтты. Ол «Түркияда алдағы он жылда қатты құрғақшылық болуы мүмкін» деді.
Дереккөз - AA