«Изник фарфоры»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері

2035178
«Изник фарфоры»

«Изник фарфоры»

Тіркелу уақыты:  27.12.2004

Түркияның тарихи қаласы Бурсаның Изник ауданы керамика өнерінің шыңы ретінде танымал фарфор өндірісімен атын әлемге танытып отыр. «Изник фарфоры» Изник Қала әкімшілігінің өтініші бойынша 2004 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді. Фарфор қамырын өндіруде кварцтан басқа құм, саз және кремний қолданылады. Фарфор өндірісінде өрнек салудан басталып, қамырды ағаш қалыптарға құюмен жалғасатын және кептіру, үлгіні тасымалдау, бояу, сырлау және пісіру процестерімен аяқталатын көптеген кезеңдері бар.

Өндірістің әрбір кезеңі қарқынды қол өнерді қамтитын шеберлікті қажет етеді. «Изник фарфоры» керамикасының түрік керамика тарихында үлкен техникалық жаңалығы бар. Қытайда 1300 градуста күйдірілген керамика Изникте өндірілген жаңа қоспа арқылы 900 градуста күйдіру арқылы жасалады. Жоғары керамикалық сапасы және жаңашыл дизайнымен назар аударған «Изник фарфоры» бастабында Османлы Империясындағы ауқатты отбасылардың назарын аударған, кейін Түркияға келген шетелдіктердің ықпалымен Еуропа елдеріне экспортталды.

Бастабында мешіттерді қамтыған сәулет ғимараттарының қабырғаларын әсемдеуде пайдаланған «Изник фарфоры» табақ, ваза, құмыра, тостаған сияқты бұйымдар жасауда да қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар